Законы Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы

Печать
Индекс материала
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы
Страница 2
Страница 3
Страница 4
Страница 5
Страница 6
Страница 7
Все страницы

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралыҚазақстан Республикасының заңы 1992 жылғы 2 шілде N 1489-ХІІ

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді — ҚР-ның 2007 жылғы 21 шілдедегі N 307 Заңымен.

  Ескерту. Мәтiнде “бөлiм” деген сөздiң алдындағы “I — IX” деген цифрлар тиiсiнше “1 — 9″ деген цифрлармен ауыстырылды — Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

  Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша: “бөлім” деген сөз “-тарау”; “тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның”, “тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган”, “тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органды”, “тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен”, “тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға”, “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның”, “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган” деген сөздер тиісінше “уәкілетті органның”, “уәкілетті орган”, “уәкілетті органды”, “уәкілетті органмен”, “уәкілетті органға”, “Уәкілетті органның”, “Уәкілетті орган” деген сөздермен ауыстырылды — Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.  Осы Заң тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мақсаттарды, міндеттер мен құқықтық негіздерді айқындайды.

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда — Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра  объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңдары

Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда — Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді),  2007.07.21. N 307 Заңдарымен.2-бап. Осы Заңның мақсаты

  Осы Заңның мақсаты:

  •   1) тарихи-мәдени мұра объектілерін, оларды қорғауды және пайдалануды айқындау;
  •   2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін бекіту;
  •   3) жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттерін регламенттеу;
  •   4) мемлекеттік органдардың тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы құзыретінің аражігін ажырату;
  •   5) тарихи-мәдени мұра объектілеріне залал келтіргені үшін жауапкершілік шараларын белгілеу болып табылады.

Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда — Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  •   1) алдын-ала есепке алу тізімі — тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру мақсатында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімі;
  •   2) ансамбльдер — оқшауландырылған немесе біріктірілген ескерткіштердің, фортификация, сарай, тұрғын үй, қоғам, әкімшілік, сауда, өндіріс, ғылым, оқу мақсатындағы құрылғылар мен құрылыстардың, сондай-ақ діни мақсаттағы ескерткіштер мен құрылыстардың топтары, оның ішінде тарихи қалыптасқан аумақтарда оқшауланған қоныстардың тарихи жоспарлануы мен құрылысының фрагменттері;
  •   3) археология ескерткіштері — тұрақтар, қалашықтар, қорғандар, ежелгі қоныстардың, бекіністердің, өндірістердің, арналардың, жолдардың қалдықтары, ежелгі қорымдар, тас мүсіндер, жартастағы бейнелер мен жазбалар, ежелгі елді мекендердің тарихи мәдени қабатының учаскелері және ежелгі адамның өмірі мен қызметінің іздері бар өзге де орындар;
  •   4) қала құрылысы мен сәулет ескерткіштері — сәулет ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар, орамдар, алаңдар, көшелер, қалалар мен басқа да елді мекендердің ежелгі жоспарлануы мен құрылысының қалдықтары; азаматтық, тұрғын үй, өнеркәсіптік, әскери, ғибадат ету сәулетінің, халық сәулетшілігінің құрылыстары, сондай-ақ олармен байланысты монументтік, сәндік-қолданбалы және бақ-саяжай өнерінің туындылары, табиғат ландшафты;
  •   5) қорғау міндеттемесі — тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу кезіндегі жай-күйі және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттары тіркелетін құжат;
  •   6) тарих және мәдениет ескерткіштері — Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер;
  •   7) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық жұмыстар — археология ескерткіштеріне археологиялық қазба, барлау және сараптамалар жасау жолымен дала зерттеулерін жүргізу;
  •   8) тарихи-мәдени қорық — айрықша тарихи, ғылыми және көркемдік құндылық болып табылатын ескерткіштердің ансамбльдері мен кешендері;
  •   9) тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы — осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерін оның меншік иесімен жасалған шарт негізінде пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
  •   10) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары — тарих және мәдениет ескерткіштерінде жүргізілетін археологиялық жұмыстарды қоспағанда, өндірістік, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының барлық түрлері;
  •   11) тарихи-мәдени мұра объектілері — тарихи оқиғалар нәтижесінде пайда болған, тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым мен техника, эстетика, этнология немесе антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан құнды болып табылатын, олармен байланысты бейнелеу, мүсін, қолданбалы өнер, ғылым мен техника туындылары және материалдық мәдениеттің өзге де заттары бар жылжымайтын мүлік объектілері;
  •   12) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (уәкілетті орган) — тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
  •   13) тарихи-мәдени сараптама — тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи-мәдени маңызын және сақталу дәрежесін белгілеуге бағытталған ұйымдастырушылық, талдау және практикалық іс-шаралардың жиынтығын қамтитын қорытынды;
  •   14) тарихи-сәулет тірек жоспары — тарихи, ғылыми, көркемдік және мәдени құндылық болып табылатын тарих пен мәдениет ескерткіштерінің және жаңадан анықталған объектілердің орналасуын тіркейтін құжат.

Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда — Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.      4-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері, оларды қорғау және пайдалану

1. Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай түрлерге бөлінеді:

  •   1) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері;
  •   2) археология ескерткіштері;
  •   3) ансамбльдер.

2. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану:

  •   1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауға, зерттеуге және насихаттауға;
  •   2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін бекітуге;
  •   3) жоюдан, тағылық актілерінен, өңін айналдырудан, жалған дәріптеуден, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғауды қамтамасыз етуге;
  •   4) археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жолымен қайта түлетуге және сақтауға;
  •   5) олардың сақталуы қамтамасыз етілетін нормаларға сәйкес күтіп-ұсталуына;
  •   6) этномәдени ортаны қайта түлету процесінде, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелік мақсаттарда пайдалануға бағытталған шаралар жүйесін қамтиды. 


 

 

Новый зал "Сакской культуры"
 

РусскийKazakh (CIS)English (United Kingdom)

Нашли опечатку?

Выделите текст, нажмите Shift + Enter и отправьте нам уведомление. 

 

 

Музеи России - Профессионалу музейщику

Счетчики

Яндекс.Метрика