Басы Өлкетану

Өлкетану

Басып шығару


Өлкетану — белгілі бір жердің, қаланың, елді мекеннің бір бөлігін оқып білу. Мұндай жұмыспен жергілікті тұрғындар айналысады, себебі бұл аймақ мамандарға (архитекторлар, биологтар, этнографтар, тарихшылар, экологтар) туған өлке болып саналады.
Өлкетану сондай-ақ, берілген тақырыпқа арналған мектепте оқылатын пән. Бұл термин өлкетану маманы емес адамдардың (жергілікті тұрғындардың, энтузиастардың жұмысында да қолданылады (мектеп пәнінің мағынасынан тыс). Бұл ұғымға, мысалы, археологиялық қазба жұмыстары жатпайды, қайта мұрағаттық жұмыс қазіргі өлкетанудың негізгі бөлігі.


Байырғы өлкетанушы Л. Ф. Семенов

Орталық Қазақстанды зерттеу жұмыстарын көптеген әйгілі саяхатшылар, ғалымдар жүргізді. Олардың ішінде ең байырғысы Л. Ф. Семенов. Ол
1937–1958 ж арасында Қарағанды өлкетану музейінің директоры болып жұмыс жасады. Л. Ф. Семенов 1901 ж 1-ші сәуірде жарлық берушінің, кейін көпестің отбасында дүниеге келді. 1919ж Петропавл деректі училищесін бітірді, азамат соғысы басталған соң оқуын жалғастыра алмады. Қызыл Әскерде 253-ші атқыштар полкінде кітапханашы болып істеді.
Петропавл губерниялық оқу бөлімінде кітапханашылардың айлық курсында оқыды. 1921ж шілде айында көзінің нашар көруіне байланысты әскерден босатылып Ақмола қаласына келді. Онда ол білім бөлімінде кітапхана жөніндегі инспектор болып жұмыс істеді. Кейіннен қалалық кітапхананың меңгерушісі болып ауыстырылды. 1923ж өз ынтасымен Ақмолада уездік музей ашты. 1924ж екіжұмалық оқу — үйлеріне арналған кітапханалар курсын ұйымдастырды.
1924ж аяғынан 1926ж дейін Петропавл кітапханасында кітапханашы болып, содан соң ағарту үйінің меңгерушісі, кейін директор болып тағайындалды. 1927ж Ақмолаға қайтып келіп, кітапхана және музей меңгерушісі қызметін атқарды. 1932ж Қазақстанның Орталық музейіне жұмысқа шақырылды, бірақ жұбайының науқастығына байланысты бір жарым жылдан соң Ақмолаға қайта келді.
1937 жылы 15 қарашада Л. Ф. Семенов Қарағанды облыстық музейінің директоры болып тағайындалды. 1938 жылы 8 наурызда музей облыстық өлкетану статусын алды. Алғашқы музей экспедициясы 1938 жылы жүргізілді. Ат-арбаға отырғызылған арнайы будкада (экспедицияға керек барлық құралдар) жүргізілген бұл экспедицияның негізгі мақсаты жергілікті халықтан қазақтың салт- тұрмысына қатысты материалдар және жәдігерлер жинау, олардың арасында бұқаралық жұмыстар жүргізу.Мәдени- бұқаралық жұмыстар екі тілде жүргізілді.
1938 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау басталды. Музей қызметкерлері Қарағанды округінің 1-сайлау учаскесіне қызмет етті: музей қызметкерлерінен насихат бригадасы құрылып, олар әртүрлі тақырыптарға 14 дәрістер оқып, диапозитивтер көрсетті, 1116 адам сайлаушылар Қарағанды сайлау округінің 7 сайлау учаскесінен қамтылды, сонымен қатар көрмелер дайындалып көрсетілді. Жұртшылыққа патефон тыңдау ұйымдастырылды.
Музей 1,5 ай бойы екі сменада сағат таңертергі 9-дан кешкі 11-ге дейін қызмет істеді. Барлық жерде қажымас Леонид Федорович үлгеріп жүрді.
1940 жылы Мәскеу профессоры С. В. Киселевтің басқаруымен облыс музейлерінің қызметкерлері Бесоба өңірінде 5 қорған тапты. Қазба жұмыстарының нәтижесінде Андронов мәдениеті кезеңіне сәйкес музей заттары табылды. Олар: геометриялық өрнектері бар сауыттар.қола білезіктер.сүйектен жасалған біз. Ақ моншақтар, тесілген бақалшақтар, тістер және адамның, малдың сүйектері
Ұлы Отан соғысы кезінде музейде ату жұмыстарына арналған (танкіні жоюға арналған гранатты лақтыру, әуе шабуылына қарсы) арнайы бөлім ашылды. Бірнеше көрмелер: «Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде», «Әйелдер Ұлы отан соғысы кезінде» мекемелерде әңгімелер, дәрістер оқыған кезде қолданылды. Музейдің бір бөлмесінде Ұлы Отан соғысының картасы жанына газет қиындылары мен фотосуреттер қойылып ілінді.Әңгімелер қазақ тіліне аударылды. Музей қызметкерлері «Саңылау», «Газдан паналайтын жер»атты макеттер дайындады. Тақтайдан ауқымды көлемде химиялық, тұтандырғыш, сынық бомбалары жасалды. № 27 «Қорғау үшін» жорналы бойынша «Әуе жауын қалай білуге болады?» плакаты құрастырылып, төбеге картоннан жасалған жау самолеттерінің силуэттері ілінді.
Жаңа қаланың кинотеатралында музейдің қорғану көрмелері ілінді, онда шетел шапқыншыларына қарсы күрестерден материалдар жинақталып көрсетілді.Музейдің бұл жұмысына Л. Ф. Семеновтың мақаласы арналып,ол Қазнаркомпростың «Республика мәдени мекемелерінің тәжірибе жұмысы» атты жинағында 1942 жылы басылып шығарылды.Музей «Ұлы отан соғысы жылдары кезіндегі өлкетанушыларға арналған жадынама» басылып шығарылды.Л.Ф Семенов Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбегінен «1941–1945 жж Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.
Облыстық музейге 20 жыл. Музейдің қалануына жиырма жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде үш ғылыми-зерттеу бөлімдері ашылды: табиғат, революцияға дейінгі тарих, кеңес дәуірі. Музей жыл сайын жаңа материалдармен толықтырылып, 4000-ға жуық жәдігерлер жинақталды. Жәдігерлер облыстың барлық тұрғындарынан жиналды. Музейге келушілердің саны өсті. Л. С. Семеновтың зейнеткерлікке шығатын күнімен құттықтауға музейге құрметті қонақтармен қатар Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Семен Семенович Макаров келіп, «КМ-10» көмір комбайынының макетін сыйға тартты.
1958 жылы 20-шы шілдеде музейде 20 жыл қызмет істегеннен кейін Л.Ф Семенов зейнеткерлікке шықты. Ол өзінің үйінде кеңес беретін орын ұйымдастырды, онда өлкетану тақырыптары бойынша 300-ден астам альбом мен 200 –дей қолжазбалар жинақталған. Үйдегі музейге өлкенің тарихымен айналысатын тарихшылар, ЖОО оқытушылары, студенттер, оқушылар келді. «20 жыл зейнеткерлікте болсам да өмірімнің босқа өтпегендігін ескеру, жинақтаған материалдарыммен бөлісу мен үшін өмірдің мәні мен мақсаты болып табылады»,- деп жазды Леонид Федорович өзінің естеліктерінде.
Л.Ф Семенов 1986 жылы 9 мамырда қайтыс болды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде оның Қарағанды аймағы бойынша өлкетану материалдары: Қарқаралы шежіресі, Қарқаралы уезі, ауданы, округі, аңыздар, өлеңдер жинақтары сақталған. Сонымен қатар, Қарағанды облысының
1856–1976 жж. аралығындағы шежіресі, «1868–1945 жж тарихи-революциялық оқиғалар» картасына түсініктеме, мамандырылған техникалық білім беру тарихына және т.б зерттеулер музейде сақталған. Өлкетанушы Л. Ф. Семенов тырнақтап жинақтаған материалдарымен аянбай бөлісті. Ол материалдардың өлкенің тарихын зерттеп танысуда маңызы зор.


Облыстық тарихи-өлкетану
музейінің бас қор сақтаушысы М. Орыспаева

 

 

Новый зал "Сакской культуры"
 

Russian (CIS)ҚазақEnglish (United Kingdom)

Жаңылыс жазуды таптыңыз ба?

Текст бөліп шығарыңыз, басыңыз және хабарды бізге жіберіңіз.

Счетчики

Яндекс.Метрика