Басы Новый зал «Сакской культуры»

Сарыарқа сақ билеушілерінің қорымы Талды-2

Басып шығару

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Талды 2 қорымына зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында ерте темір дәуіріне жататын ерекше археологиялық заттар табылды.

Сарыарқа сақ билеушілерінің қорымы Талды-2

Алтын Адам

Талды 2 қорымы Қарқаралыдан 44 км, Қ.Аманжолов ауылынан 1,4 км жерде орналасқан. Ескерткішке археологиялық зерттеу жұмыстары «Қарағанды облысы бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде 2009 жылы басталған болатын. 2009–2010 жылдары ерте темір дәуіріне жататын 7 қорған зерттелді. Ұзындығы-2–3,5 м, диаметрі — 30–65 м. Зерттеу жұмыстарын тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Арман Зияденұлы Бейсенов жүргізді.

Негізгі табылымдар № 2 (диамтер 30, ұзындығы 2), № 5 (диаметр 65, ұзындығы 3,5) қорғандарында кездесті. Екі қорғаннан белгілі аңдық стилінде жасалған 200-ге жуық алтын бұйымдар, 1800-ге жуық алтын ұсақ түйіршіктер, 22000 астам ұсақ әшекей, сонымен қатар 14 қола жебе ұштары, 150 тас моншақтар табылды. Оның арасында кісе белдіктің қапсырмалары, түрлі тығырықтар, қару тағылған қайыстар мен киімнің әр жеріне тағылған таутеке, жыртқыш мысық бейнесінде бейнеленген жапсырмалар, сондай-ақ өсімдік дәндері формасында жасалған көптеген ілдіргі салпыншақтар кездеседі. Жалпы, Талды-2 қорымында Орталық Қазақстанның жоғары әлеуметтік деңгейілі сақ билеушісі жерленген.

Көптеген алтын бұйымдар сақ билеушінің салтанатты киімінің зергерлік әшекейлері болып табылады.

Талды-2 қорымынан табылған заттарды сәйкестендіру мақсатында жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы Тывадағы Аржан-2 қорғанында табылған археологиялық табылымдармен ұқсастықты көрсетеді. Қазақстан мен Тываның көне көшпелілер өнерінің заттарын сараптау, олардың ою-өрнектерді орындауда, жыртқыш аңдардың бейнесін бейнелеуде, зерлеу техникасын пайдалануда ұқсастықтар барын байқатады.

Табылған заттар бойынша Талды қорғанын б.з.д. VІІ-VІ ғғ.жатқызуға болады.

Мұнда негізінен сирек кездесетін ғылыми материалдар қойылған. Жаңа ашылымдар Қазақстан және Орта Азия сақ мәдениеті шеңберінде зерттеулер жүргәзуге мүмкіндік береді. Жаңа табылымдар ежелгі Қазақстан мен Саян-Алтай сақ әлемінің бір-бірімен тығыз байланысты екенін одан әрі дәлелдей түседі. Қазақстаннан Тываға дейін біртұтас тарихи-мәдени қабат болғанын дәлелдейді. Бұл зерттеу оларды қосатын маңызды феномен болып табылады. Аса маңызды жұмыс болып металлургиялық, зергерлік орталықтарды іздеу болып табылады (көптеген аймақтарға ортақ), мұнда зергерлер мен шеберлер билеушілер мен төрелерге салтанатты киімдер дайындаған. Бұл табылымдар Қазақстан сақтарының тарихын зерттеуде маңызды оқиға болды. Табылымдардың ғылыми құндылығын жақын және шет ел ғалымдары жоғары бағалады. Қазіргі уақытта Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірі ескерткіштерін әрі қарай зерттеу жалғасуда.

 

 

Новый зал "Сакской культуры"
 

Russian (CIS)ҚазақEnglish (United Kingdom)

Жаңылыс жазуды таптыңыз ба?

Текст бөліп шығарыңыз, басыңыз және хабарды бізге жіберіңіз.

Счетчики

Яндекс.Метрика

Опрос

Музей туралы, оның ресурстары мен өткізілетін іс-шаралар туралы қандай дереккөздерінен білесіз?