Басы Музейлер Шетский музей

Шет арх. -этн. муз.

Басып шығару

  Шетский музей Шет аудандық Шортанбай жырау атындағы археологиялық-этнографиялық мұражайы 1988 жылы тарихи-этнографиялық мұражай болып ауданның 70 жылдығына ашылды.

1989–1997 жылға дейін Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлімі ретінде жұмыс атқарды.1993 жылы ақын, жырау Шортанбай Қанайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында ақын есімі берілді. 1993 жылдан бастап Шет аудандық тарихи-этнографиялық мұражайы болып аталып, 2006 жылдың 19 маусымынан археолологиялық-этнографиялық мұражай болып мемлекеттік тіркеуден өтті.

Мұражайдың жалпы көлемі — 246 ш. v., экспозициялық көрме залдары – 183 ш.м.
2008 жылдың қараша айында Өспен ауылында С. Сейфуллин атындағы аудандық мұражайдың филиалы ашылды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары негізгі екі бағытта жүргізіледі:


1. Шортанбай жырау Қанайұлының өмірі, шығармашылық мұрасы жөнінде.
2. Шет ауданының археологиясы, этнографиясы және өлке тарихы.

Экспозициялық залдар:

  1.  «Шет өңірінің тарихы»
  2.  «Өткен ғасырдағы қазақтың тұрмыс-салты» 
  3.    «Ауданымыздың іргетасын қалаған азаматтар»

Шетский музей Шетский музей Шетский музей Шетский музей

Тақырыптық көрмелер

  • «Береке-байлық, дәм-тұзың, халқыма мәңгі бұйырсын»
  • «Сенің көшің тоқтамас жер бетінде»
  • «Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні»
  • «Айналайын әппағым, алтын арай ақ таңым»
  • «Шет өңірінің тарихы»
  • «Елін сүйген ерлер»


Раритеттер мен мұражай жинақтары

Ақын Е.Мұстафиннің домбырасы, айтыскер ақын М. Жапақовтың мәсі мен шапаны, қамшысы. Тарихшылар, көнекөз қариялар туралы экспозиция қорындағы жәдігерлер.

Шетский музей Шетский музей Шетский музей Шетский музей

Мұражай педагогикасы және маркетинг

Дәрістер:

  • «Тәрбие тамыры — қазақ халқының салт-дәстүрінде».
  • «Батыр бабамызға қандай құрмет болса да лайық».
  • «Ардагерлерге құрмет көрсетейік».
  • «Ауданымыздың құрылуы жөнінде».
  • «Жамбыл Ақылбаевтың өмірі және ғылыми-педагогикалық қызметі».
  • «Тәуелсіздік тұғыры берік болсын»
  • «Құқықтық кеңістікте өмір сүруге үйрену».
  • «Құқықтық кеңістікте өмір сүруге үйрену»
  • Дөңгелек үстел: «Жастарға адамгершілік-рухани тәрбие берудің негізі»,
  • «Ана тіліңді шұбарлама»
  • Кештер:
  • «Қош келдің, Наурыз»
  • «Ғарышта – біздің қазақтар»
  • «Қазақстандық патриотизм. Оны қалай дамытамыз»
  • «Ұлы Жеңіс! Саған басын иіп әлем тұр!»
  • «Ата Заңымыз-ардақты»
  • «Тарих қойнауында» атты ғылыми конференция
  • «Қарттарым – асыл қазынам»

Ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстары.

Ұлы Отан соғысына, Ауған соғысына, Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқандар, Желтоқсан көтерілісіне қатысқандар туралы материалдары жинақталды.

Шет ауданының құрылғанына 80 жыл толуына деректер мен жәдігерлер жинақталды.

Ақын-жазушылар, күйшілер, тарихшылар мен өлкетанушылардың кітаптары, фотосуреттері, қолжазбалары, құжаттары жинақталды.
Туған жер тарихын зерттеу, зерделеу мақсатында жергілікті тарихтың ақтаңдақтарын зерттеуші, өлкетанушы К.Жүністегі, Т. Майбас, М. Жакин т.б.кітаптары қорға алынды.

Ауданның 80 жылдығына байланысты өткізілген аудандық іс-шаралар барысында қор толыға түсті. «Күй-керуен» атты шертпе күй шеберлерінің фестивалі, «Наурыз» мерекесі, Республикалық ақындар айтысы т.б.шаралар бейнетаспаларға жазылып алынып, фотосуреттері қорға алынды. Мақалалар, «Жұртшылық назарына», «Орталық Қазақстан», «Заман» газеттеріне тарихи тұлғалар туралы үнемі мақала беріліп келеді. Ауданның 80 жылдығына орай газет беттеріне қордағы жинақталып келе жатқан ардагерлер, еңбек ерлері, аудан тарихының іргетасын қалаушылар туралы деректемелер ұсынылып, өмірбаяндары, суреттері берілді.


Жалпы жәдігерлер саны – 2519.
Негізгі қор – 1210.
Қосымша қор – 1309 (2008 жылғы есеп бойынша)


Мұражай жөнінде ақпарат.

Жұмыс істеу уақыты: 9.00–18.00.
Демалыс күндері: жексенбі, дүйсенбі.

Билет бағасы: 10 теңге.

Келушілерге қызмет көрсету:

  • Жалпы шолу экскурсиялары және тақырыптық экскурсиялары.
  • Фото және бейнетүсірілімдер.
  • Мұражай жәдігерлермен жекелей таныстыру.
  • Тегін қызмет көрсету:

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, зейнеткерлерге және мүгедектерге ақысыз қызмет көрсетіледі.

Мекен-жайы:

Қарағанды облысы, Шет ауданы,
Ақсу-Аюлы селосы,
Шортанбай жырау көшесі 141/6.
Анықтама телефондары:  8 (71031) 22-2–74,
Факс: 871031 22-2–74.

Директоры – Сүйіндіков Зәрубай.
 

 

 

Новый зал "Сакской культуры"
 

Russian (CIS)ҚазақEnglish (United Kingdom)

Жаңылыс жазуды таптыңыз ба?

Текст бөліп шығарыңыз, басыңыз және хабарды бізге жіберіңіз.

Счетчики

Яндекс.Метрика