Басы Музейлер Музей горн.-плав. дела

Жезді тау-кен және балқ. ісі тар.м.

Басып шығару

Музей ҚазКСР Министрлер Кеңесінің № 285-Р Қаулысымен 21.12.1988 жылы, Мәдениет Комитетінің 30.02.1988 ж. № 147 Шешімімен құрылды. Академик Қ.И.Сәтпаевтың мемориалдық Музей-Үйі академиктің 70-жылдығына орай 1969 жылы құрылды.

 Жезді тау-кен және балқыту ісу тарихы музейі мен Қарсақпай кентіндегі Қ.И.Сәтпаев атындағы мемориалдық Музей-Үйі мәдени-тарихи комплексті құрайды. Тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің ашық аспан астындағы экспозициялары: тау-кен және ауыл шаруашылық техникасы, Жезқазған өңірінің минералдар үлгісі және жұмыс істейтін көне металлургия пештерінің макеттері орналасқан.

Музей құрылымы:

Музей 3 бөлімнен тұрады — тау-кен және балқыту ісі тарихы бөлімі, тарих және экскурсиялық бөлім, мұрағат, шеберхана, кітапхана қорынан тұрады.
Қ.И.Сәтпаев атындағы мемориалдық Музей-Үйіндегі бөлім академиктің өмірі мен қызметін және Қазақстанның түсті металлургиясының тұңғышы Қарсақпайдың тарихын зерттеуге бағытталған.

Музей жетістіктері:
1994 ж. 3 қарашада музейге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев келіп, музей ұйымына жоғарғы баға берді. Бабаларымыздің әдісі бойынша ежелгі мыс құймасынан жасалған балқыту пештің макетінде жәдігер құйды.
• ОҚАЭ құрамындағы Ә.Х. Марғұлан атындағы институтымен бірге археология саласы бойынша Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Талдысай қола дәуірінің металлургиялық қонысында ғылыми-зерттеу жұмысын жалғастыруда.
2000 жылы Астана қаласындағы Президенттік Орталықта, Түркістан қаласындағы Қожа АхметЯссауи кесенесінде музей көрмесінің презентациясы өтті.
• Қазақстандағы Британ кеңесінің ұйымдастыруымен Лондондағы «Шығыс-Батыс-Шығыс» халықаралық көрмесінде музей экспозициялары көрсетілді. (2005 ж)
Перспективалар:
• Тарихи жерлерге 3 бағытта ұйымдастырылған туристік маршруттар – Жезді- Қарсақпай кентіндегі Қ.И.Сәтпаев атындағы мемориалдық Музей-Үйі-Қарсақпай мыс зауыты.
• Жеді – Қарсақпай — Бұланты өзеніндегі Байқоңыр петроглифтері.
• Жезді – Ұлытау тарихи-мәдени-табиғи музей-қорығы – Талдысай металлургиялық қонысы, ортағасырлық Бесқамыр қалашығы.
• «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберіндегі қола дәуірінің Талдысай қонысының музеефикациясы.

  Экспозициялар: 

• Ежелгі тау-кен және балқыту ісі мен ортағасыр
1917 ж. дейінгі тау-кен өндірісі. Өлкенің ғалымдар мен саяхатшылардың зерттеуі.
Тау-кен және металлургиялық кәсіпорындарының дамуы. Өңірдегі ауыл-шаруашылық.. Флора мен фауна. «Космос».
• Музейдің ашық аспан астында орналасқан құрылымдық экспозициялары- тау кен техникалары (1909ж. динамомашина, Британ аралынан әкелінген электр станцияларынын бөлшектері, ХХ-ғ.АҚШ-та өндірілген станок, вагон тіркескен паровоз бен ХХ-ғ 20-жж. Германияда жасалған жабық вагондар). Жезқазған, Қаражал, Жезді, Ақтаста өндірілген минералдар үлгілері. Ежелгі балқыту пештерінің макеттері (Атасу, б.эд Милықұдық І,ІІ қоныстары), ұстахана, ғарыш кемесінің бөлшектері.

 Тақырыптық көрмелер:
Презентациялық блок.

  • «Қарсақпай зауытының шежіресі» — Қарсақпай зауытының 80-жылдығына арналған Жезқазаған өңірінің минералдар коллекция көрмесі
  • «Ежелгі және қазіргі заман зергерлік бұйымдары»
  • «Ақ боз үй»
  • «Музей – ғылыми орталық»
  • «Ғасырлар үні»
  • Болашақтағы көрмелер
  • «Талдысайдың археологиялық табыстары»
  • «Байқоңыр петроглифтері»
  • «Тастағы жазулар мен рулық таңбалар»
  • Мейіз Сәтпаеваның «Әкесінің қадірлі қызы»


Ретроспективтік блок.

  • Қ.Сәтпаев кітаптарының көрмесі
  • «Арқада туған алып өндіріс» — Қарсақпай зауытының 80-жылдығына арналған
  • «Ғасырлар үні»
  • «Ежелгі металлургия орталығындағы тарихи-мәдени комплекс»
  • «Барманбай зергердің коллекциялары»
  • «Дулығалы мешіт – өлкедегі ұлт-азаттық қозғалыстың рухани орталығы»

Раритеттер мен мұражай жинақтары

ҚР Президенті Н,Назарбаевтың ежелгі металлургтер технологиясы бойынша құйылған мыс құймасы.
Орталық Қазақстан минералдарының коллекциясы
Барменбай зергердің жасаған ұлттық аспаптары коллекциясы
Ежелгі мыс балқыту пештерінің макеттері. Милықұдық, Атасу (б.э.д І,ІІ м.ж)
Тау-кен техникасының коллекциялары мен бөлшектері, Байқоңыр кеншілерінің ағылшын кезеңіне жататын құралдары.
Қарағанды облысының тау-кен кәсіпорындары өнімдерінің үлгілері.
ТМД-ның түсті металлургия тұңғышы – Қарсақпай металлургиялық зауытының мыс құймаларының үлгілері.


Этнографиялық коллекциялар.


Қ.И.Сәтпаевтың жеке комплексі.
Қарсақпай мыс зауытының директоры, ҚР құрметті қызметкері К.Мәтеновтың жеке комплексі.
Тау-кен және балқыту ісі музейінің негізін салушы, ҰОС ардагері, ЖезУ-нің профессоры, Түркістан, Жезқазған, Ұлытау қаласының Құрметті азаматы, ҚР «Мәдениет қайраткері» М.Төрегелдиннің жеке комплексі.
Жезді ауданының танымал тұлғаларының жеке комплекстері.

Музей педагогикасы және маркетинг


— Өлке тарихы бойынша (мектептегі өлкетану бағдарламасы бойынша) сабақтар, археология, тау-кен өнеркәсібі тарихы, Қ.И.Сәтпаев, Ә.Х. Марғұлан бойынша дәрістер өткізіледі.

Музейлік сабақтар:
Этнография бойынша интерактивті сабақтарда киіз үйдің құрылымы, жасалу технологиясы, тұрмыстық заттар, киіз басту әдісі жайлы ақпараттармен танысады.
Соғыс ардагерлерінің Қайыңдар аллеясында естелік және ерлік жайлы сабақтар өткізіледі.
Өңір тарихы жайлы рефераттар: «Жезді кенінің тарихы», «Жезді поселкесінің тарихы», «Қ.Сәтпаев — Жезді кен ошағының негізін салушы», «Өлке тарихындағы Ұлы Отан соғысы», «Талдысай- ежелгі металлургия қонысы», «Байқоңыр пероглифтері – ұлттың жетістігі», «Академик Сәтпаевтың еңбектеріндегі тарихи ескерткіштер»,
«1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс», «Ұлытау өңірінің қоғам, руханият қайраткерлері» және т.б.

Балаларға арналған музейлік іс-шаралар. 
Ұстаздардың тапсырысы бойынша жылжымалы көрмелер, тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылады. Тақырыптық экскурсиялар: «ҰОС-ның сабақтары мен тарихы», «Олар отан үшін күрескендер», «Соғыс жылдарындағы әйел еңбегі», «Қ.Сәтпаев: Ғылым мен ақылдың кеніші», «Абай мұрасы», «Жезді кентінің тарихы», «Өлкедегі медицинаның дамуы». Талдысай металлургиялық орталықтарына, ортағасырлық Бесқамыр қалашығына экскурсиялар ұйымдастырылады.

  1. Музей жанында жас тарихшылардың «Мұрагер» жасөспірімдер клубы құрылды. 
  2. Мектеп оқушылары арасында Сәтпаев оқулары өткізіледі. 
  3. Наурыз, Жеңіс Күніне арналған мерекелік іс-шаралар сценарий бойынша өткізіледі. 


Мерекелік іс-шаралар мен акциялар.

Ұлы оратн соғысы ардагерлері туралы материалдар жинау акциясы.
Халықаралық музей күніне арналып Талдысай металлургиялық қонысы — Бесқамыр ортағасырлық қалашық бағыты бойынша туристік маршрут ашылды.
Халық батыры А. Имановты еске алуға арналған мерекелік іс-шаралар. А. Иманов дүниеге келген Ұлытау ауданы Балық Қарасу жерінде батырға арналған еске алу тақтасы орнатылды. (2001 шілде)
Қазақстанның Тәуелсіздігінің 10-жылдығына арналған іс-шара – Абылайхан жеріндегі Зеренді саябағынан сый ретінде әкелінген Тәуелсіздік қарағайларын егу. (2001 ж. қазан)
Түркістан музейінің қатысуымен Есімхан алаңында ІІ Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайы күніне орай әйгілі Тайқазанның көшірмесі орнатылды.
Жеңістің 60-жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара.
2004 ж. Жезқазған өңірінің тау-кен өндірісінің ардагерлерінің қатысуымен Жезді кенішінің алғашқы құрылысшылары негізін салған тарихи саябақта естелік тақтасы орнатылды.
Музейдің ғылыми кеңесінің шешімімен 2008 жыл ауданда Қарсақпай жылы деп жарияланып, мерекелік жоспарлар бекітілді.
Қарсақпай зауытының 80-жылдығы акциясы аясында Қарсақпай кентіндегі саябаққа Ұлытаудан әкелінген 80 қайың ағаштары отырғызылды.
Аудан оқушыларының (9–11 сынып) «Сәтпаев оқулары-2008» І-ші ғылыми конференциясы өткізілді.

Ғылыми- зерттеу және жинақтау жұмыстары

А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетімен, ҚарМТУ-мен, Орал Ғылым Академисы Орталығымен өзара байланыс жайлы келісімге отырды.
«Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік қорығымен, Республикалық «Ұлытау» музей-қорығымен, арнайы орта — білім беретін оқу орындарымен келісім орнатылды.

Жалпы жәдігерлер саны — 14936, оның 12187 — негізгі қор, 2749 — ғылыми-қосымша қор

Мұражай жөнінде ақпарат:

— Жұмыс тәртібі: 9.00–18.00 сағ. демалыссыз.
— Кіру билеті: үлкендерге – 30 теңге
балаларға – 20 теңге
жалпы экскурсия – 150 теңге
тақырыптық экскурсия — 200 теңге
жылжымылы экскурсия — 750 теңге
жылжымалы дәрістер – 500 теңге
видеоматериал қолдану дәрісі — 800 теңге.
— Көремендерге көрсетілетін жеңілдіктер: ҰОС ардагерлері, тыл ардагерлері,
көпшілік мерекелердің қатысушылары, құрметті қонақтар.
— Көрермендерге көрсетілетіе қызмет түрлері: фото және видеотүсірілім.

Мекен-жай: 101508 Қарағанды облысы, Жезді кенті, Қожабай көшесі, 4
Телефон: 8 (71034) 21725; 8 (71034) 21933

Директоры — Төрегелдин Рүстем Мәкенұлы.
 

 

 

Новый зал "Сакской культуры"
 

Russian (CIS)ҚазақEnglish (United Kingdom)

Жаңылыс жазуды таптыңыз ба?

Текст бөліп шығарыңыз, басыңыз және хабарды бізге жіберіңіз.

Счетчики

Яндекс.Метрика