Басы Музейлер Каркар. музей

Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражай

Басып шығару

здание музеяҚарқаралы тарихи-өлкетану мұражайі 7 қараша 1977 ж. қоғамдық негізде құрылды. Жалпы аумағы −520 ш.м, экспозиция көлемі – 469 ш.м, қор сақтау орны – 39,7 ш.м.

Музейдің негізгі бағыттары:

• ғылыми зерттеулер
• музей қорын толықтыру
• экспозициялар орналастыру
• ғылыми ағарту істері

Экспозициялар

Музейде Қарқаралының ежелгі кезеңнен қазіргі заманға дейінгі тарихы қамтылған.
• археология
• этнография
• революция
• тәуелсіздік
• ғарыш және табиғат

Тақырыптық көрмелер:


«Мемлекет қайраткері Даниал Керімбаев»
«Ғарышқа тіл қатқан қазақ» — Алғашқы қазақ ұшқышы Т.О.Әубәкіровтің 60-жылдық мерейтойымен және ғарышқа ұшқанының 15-жылдығына
«Жеңіс күні»
«Н.Әбдіровтың 90 жылыдығына»
«Астана жас қала»


Раритеттер мен мұражай жинақтары

Музей педагогикасы және маркетинг

Музей қызметкерлері ғылыми және қоғамдық мерекелерге арнап әртүрлі іс-шаралар: тақырыптық дәрістер, мектеп оқушылары арасындағы конкурстар ұйымдастырады, сонымен қоса конференция, семинарларға қатысып, басқа да музейлермен байланыс жасайды.
Қарқаралы өңірін зерттеу жұмыстары жүргізіледі, музей базасы негізінде «Жас тарихшы» үйірмесін ұйымдастыру жоспарлануда.

Дәрістер:
«Қазақстаннның әлемдегі елу елдің қатарына кіру стратегиясы» Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайы және оның филиалдары Қуанышпаев атындағы мұражайы мен Егіндібұлақ тарихи-өлкетану мұражайы ҚР Президентінің Жолдауындағы негіздерінің түсіндіру дәрістерін мектептерде ұйымдастырды.
Іс-шаралар:

Қарқаралы аудандық тарихи-өлкетану мұражайының филиалы – Қ.Қуанышпаевтың мұражайына практикалық және әдістемелік көмек Кеңес Одағының Батыры, сынақшы-ұшқыш, алғашқы қазақ ғарышкері, Халық Қаһарманы Т.Әубәкіровтың 60-жылдығын тойлауға байланысты көрсетілді. Экспозиция Ақжол ауылының мұражайында дайындалды.

Мұражай қызметкерлері:

• Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің өткізген мектеп оқушылары арасында республикалық өлкетану олимпиадасының алқа мүшесінің құрамына қатысты;
Ж. Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасы өткізген Славян жазуының күніне арналған «дөңгелек үстелге» қатысты;
• Қалалық әкімшілігі ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған «Қарағанды облысына 70 жыл» атты баяндамамен Қарағанды қаласының аула клубтарының экологиялық-өлкетану слетының жұмысына қатысты.

Ғылыми зерттеу және жинақтау жұмыстары


Қазақстан тарихи-мәдени мұрасын сақтау «Киелі мұрамызға тағзым» атты республикалық акциясын өткізу концепциясы туралы іс-шаралар өтті. Ауданымыздағы көне тарихи маңызы бар жерлерді картаға енгізді. Шөңгілтай қыстағының қасында табылған «Ермекбай» қорымынан қыпшақ обалары табылып, мүсін тастардың суреті салынып, жалпы мінездеме жасалды.Н.Әбдіровтың 90 жылдығына байланысты іс-шаралар өтіп, жылжымалы көрме қойылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына мұражай қорынан және аудандық архивтен тарихи деректер алынып экспозицияға қойылды. жүргілді.

Мұражай жөнінде ақпарат:

Жұмыс күндері: 9.00–18.00 сағ.
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

Көрермендерге көрсетілетін жеңілдіктер: Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүгедектерге, тыл ардагерлеріне, зейнеткерлерге.
— Көрермендерге қосымша көрсетілетін қызмет түрлері: жылжымалы ақпараттық-көрмелік іс-шараларды ұйымдастыру, тақырыптық ақпараттар құрастыру, фото және бейнетүсірілім, сувенирлер, баспа өнімдерін, музей баспасынан жарық көрген оқыту-әдістемелік басылымдар ұсыну.

Каркаралы   Каркаралы   Каркаралы Каркаралы

Мекен-жайы:

Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, Ә.Бөкейханов көшесі, 34
  Телефон: 8 (72146) 32788,8(72146)32229 e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

Директоры –  Мейірхан Қасымжанұлы

 

 

Новый зал "Сакской культуры"
 

Russian (CIS)ҚазақEnglish (United Kingdom)

Жаңылыс жазуды таптыңыз ба?

Текст бөліп шығарыңыз, басыңыз және хабарды бізге жіберіңіз.

Счетчики

Яндекс.Метрика