Басы Музейлер Кар. обл. музей

Қарағанды обл.тарихи-өлк.муз.

Басып шығару

 ьузей ғимараты

Мұражай 1932 жылы ашылып, 1938 жылы облыстық өлкетану мұражай дәрежесіне ие болды, ал 1964 жылдан бастап мұражайдың атауы тарихи-өлкетану деп өзгертілді.

Мұражайдың экспозициясы 1800 ш.м. құрайтын 16 залдан тұрады, қор сақтау – 190 ш.м. Сонымен қатар 60 орындық акті залы, «Dolby Digital» тарихи кино залы, «Бабалар бейнелері» компьютерлік анимация залы бар.
Мұражайдың кіре берісіндегі үлкен залда Қарағанды облысының физикалық-географиялық картасы көрсетілген, онда облысымыздың территориясы, халқы, жөнінде жалпылама мәліметтер берілген. Қарағанды облысы Еуропа мен Азияның тоғысындағы қолайлы географиялық жағдайда орналасқан, облыстың жалпы көлемі 428,0 мың ш.км.

Экспозицияларкіріспе залы                                                      

«Кіріспе» залының экспозициясында мұражай қонақтары мен көрермендері тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы қабылдаған негізгі заңдармен, қаулылармен таныса алады.

 «Жерде тіршіліктің пайда болуы» экспозициясы облысымыздың табиғи байлықтарының дамуы және оның пайда болуының негізгі кезеңдерінен және тауып алынған геологиялық және палеонтологиялық коллекциялары біздің территориямызда өмір сүрген ежелгі жануарлардың қалдықтары және олардың тіршілігінің дамуы жайлы құнды мәліметтер береді. Экспозициядағы бағалы экспонаттар болып палеонтологиялық қазбалар, яғни, ежелгі жануарлардың қалдықтары болып табылады: мамонттардың, исполин бұғысының мүйіздері және т.б.

палеонтологияпалео-диарама

«Табиғат» залында облыс аймағындағы қазіргі уақытта кездесетін әртүрлі құстар, сүтқоректілер, жануарлар көрсетіледі.

ақбөкендер

қүстар

    «Археология залының» экспозициясы көрермендердің ықыласын аударады. Орталық Қазақстанның территориясы алғашқы адамдардың палеолиттік тұрақтарының табылуы арқасында алғашқы адамдардың пайда болуы мен құрылу аймағына кіреді. Адам қауымы дамуының тарихқа дейінгі кезеңі негізгі үш бағыттан тұрады: антропогонез, техногенез, социогенез. Археологиялық периодтар бойынша адам тарихы тас, қола, темір және ортағасыр дәуірлеріне бөлінеді.

археология залыдиарама үңгір
 «Қазақ халқының дәстүрлі қоғамы» залы Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихымен таныстырады.

киіз үй

 Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бастап, халқымыздың тарихын қайта зерттеп, зерделеуге мүмкіншіліктер туды – ол

«ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыс» залының экспозициясында көрсетілген. Азаттық күрес жолында негізгі ролді қазақтың зиялы қауымы атқарды….залдын жалпы көрінісі

 «ХХ ғ. 20-30жж өлкедегі тоталитарлық жүйенің құрылуы» залында ұжымдастыру кезеңінде жүргізілген асыра сілтеушілік саясатының мұрағаттық құжаттары берілген.

1920–30 жылдары Кеңес үкіметінің шешімі бойынша Қарағанды аймағын А. А. Гапеев, М. П. Русаков, Қ.И.Сәтпаев зерттеуді бастады.
1926 жылдан бастап КСРО жедел индустриаландырудың бағытына көшеді. Қазақстанды КСРО ның дамыған өндірістік аймақтарының негізгі шикізат базасына айналдыру көзделді. 1931 ж. ең көлемді құрылыстардың бірі Түркістан-Сібір темір жолының салынуы басталды. 1939 ж. Қазақстаннан шикізат тасымалдау мақсатында Ақмола-Қарағанды, 1940 жылы Қарағанды-Жезқазған жолдары салынды. Қарсақпай мыс комбинаты, Қарағанды көмір кен орындары қалпына келтіріле бастады. Балқаш және Жезқазған мыс балқыту комбинаттарының құрылыстары басталды.
Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф. И. Голощекин саясаты тап күресін шиеленістірді. Ол 1925–1939 жылдары аралығын қамтыды. Бұл кезең «Кіші Қазан» саясаты кезең аталып, авторы мен орындаушысы Ф.И Голощекиннің өзі болды. 1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды….Ресей тарихшысы Рой Медведевтің берген мәліметі бойынша 1930 жылы Қазақстан территориясында 6 миллион қазақ өмір сүрген, ал 1931 жылы 3 млн. 21 мың адамға кеміген. ….

«Қарағанды көмір бассейнінің құрылуы» залы Қарағанды қаласының құрылу тарихына, көмір бассейнінің дамуы мен өркендеуіне арналған.

диарама кеншілер

«ХХ ғ.30–50 жж қазақ зиялыларының тағдыры» залында шағармашыл зиялы қауымның қуғын-сүргінге ұшырауына қатысты мұрағаттық құжаттар мен фортосуреттерден көрсетілген.


«Қарағанды облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» залында жерлестеріміздің майдандағы және тылдағы ерліктеріне қатысты материалдар орын алған. Соғыс жылдары біздің өлкемізден майданға 50 мыңға жуық қарағандылықтар аттанды. Қарағандыда Станлинград түбінде, Днепрді азат етудегі ұрыстарда көзге түскен 77-ші артполк құрылды.

диарама

33 қарағандылықтар Кеңес Одағы Батыры атағына ие, 9 адам Даңқ орденінің ІІІ-ші дәрежесінің иегерлері. Солардың қатарында Н.Әбдіров, М. Мамраев, Қ.Нұржанов және т.б. экспозицияда батырлардың құжаттары, фотосуреттері, жауынгерлік хаттары, жеке заттары қойылған.

«1940–1980 жылдары Қарағанды қаласы және облысы» залы Қарағанды облысының 1946–1990 жылдардағы даму тарихын көрсетеді. Осы кезде Қарағанды қаласы мен облыс Кеңес одағының ең ірі өндіріс және мәдени орталығының біріне айналды. 1970 жылдан Қарағанды – КСРО-ның үшінші кочегаркасы болды. Қарағанды шахталарында бірнеше рет көмір өндірудің дүниежүзілік, жалпыодақтық, республикалық рекордтары тағайындалды.





«Ғарыш залында» Қазақстанның ұлттық аэроғарыш өндірісінің және Қазақстан Республикасының тұңғыш қазақ ғарышкері Т.О.Әубәкіровке қатысты материалдар көрсетілген. 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров кеңес-австрия экипажының құрамында ғарышқа ұшты. Көрушілер халықаралық ғарыш станциясы макетін ашық ғарыш шебінде көріп қызықтайды.

"ғарыш" залының жалпы көрінісіМҒС - МКС

«Тәуелсіз Қазақстан» залының экспозициясында ірі көмір өндірісінің комплекстері, энергетика, машина жасау, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының дамуы туралы құжаттар мен жәдігерлер қойылған.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті залының» экспозициясында Егемен Қазақстанның 20-жылдық Тәуелсіздігі жылдарындағы сыртқы және ішкі саясаты бейнеленген.
Экспозициядағы құжаттар мен фотосуреттер Қарағанды облысындағы Н.Ә.Назарбаевтың қызметінің айқын кезеңдерін ашып көрсетеді.

Жаңа «Сақ мәдениеті» залының ашылуы музей үшін ерекше залдардың бірі болып табылады. Залда 2008–2010 жж. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілген археологиялық қазба жұмысында Талды 2 сақ жауынгерлері қорымынан табылған ерекше жәдігерлер көрсетілген. Артефактілер ежелгі өркениеттің материалдық және рухани мәдениетінен мағлұмат береді: сақтардың аң стилі негізінде жасалған 200-ден астам алтын бұйымдар, 14 қоладан жасалған жебенің ұшы, тас моншақтар. Алтын бұйымдар әскери киімдегі сақ жауынгерінің реконструкциясының негізгі элементтеріне айналды.

Тақырыптық көрмелер
• ҚР Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын-арттырумемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауына сәйкес;
 •  Ғарышкерлер Күніне «Қарағанды — ғарыш айлағы»;
• Ислам дініне қатысты «Мәулет күні»;
• «Күн қанатты тұлпарлардың алтын ізімен: ежелгі көшпелілер дәуірінің қолөнері» — Астана қаласының Мемлекеттік алтын және бағалы металдар музейінің республикалық алмасу көрмесі;
• Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне «Тамыры терең бәйтерек»- КирОАК-нің юстиция халком хатшысы және республика прокуроры (ХХ- ғ. 30-шы жж.) Ж. Сәдуақасовқа арналған;
• «Қарағанды телеарнасының 50-жылдығы»;
• Кеншілер Күніне арналған-«Қазыналы кенді өлке»;
• Қолданбалы өнер шебері Ж. Сыздықовтың «Шебердің жүрегінен саз жүзіне құйылған алланың нұр сәулесі» көрмесі;
• Ұлттық теңге Күніне арналған — «Қазақтың төл теңгесі»;
• «Ойыншықтардың ертегі әлемі» — 50–80 жж. шырша ойыншықтарының көрмесі.

Раритеттер мен мұражай жинақтары

  • нумизматикалық жинағы
  • ХІХ-ХХ ғғ. қолданбалы өнері
  • діни атрибутикалық жинағы
  • қару-жарақ жинағы
  • энтомологиялық
  • зоологиялық тулыптар
  • палеонтологиялық жан-жануарлардың қалдықтары
  • археологиялық
  • этнографиялық


 Мұражай жөнінде ақпарат

Жұмыс тәртібі: 9.00–18.00 сағ., демалыссыз
Билет құны:
 Үлкендерге −150 тенге; Балаларға, студенттерге – 70 тенге
 «Бабалар бейнесі» компьютелік анимация залы:
Үлкендерге −150 тенге, Балаларға, студенттерге – 70 тенге
 «Сақ залы» үлкендерге −150тг; Балалар мен студенттер −70 тг.

Көрсетілетін жеңілдіктер:  балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне.
Келушілерге көрсетілетін қызмет түрі:
Көрме дәрістер, стационарлық, жылжымалы тақырыптық көрмелер, компьютерлер және видеотехника қолданылатын дәріс-семинар көрмелері. Жалпы экскурсия, тақырыптық экскурсия, ғылыми қызметкерлердің экспозицияға және көрмеге байланысты музей қорындағы ғылыми жарияланбаған материалдар бойынша консультациясы. Музей кітапханасында жұмыс істеу.
Ұйымдардың тапсырысы бойынша экспозиция дизайыны мен монтажы.
Мекемелердің тапсырысы бойынша жарнамаларды ұйымдастыруда консультация беру, келушілердің жәдігерлерді фотоға түсіруі
Кеңсе мекемелерінің дизайны туралы консультация

Мекен-жайы:

100008 Қарағанды қаласы,
Ерубаев к, 38
Тел: 8(7212) 563121, 565889 факс
 e-mail muzeumkz@ mail.ru

Директоры — Нұрмағанбетов Е.Н.


.

 

 

Новый зал "Сакской культуры"
 

Russian (CIS)ҚазақEnglish (United Kingdom)

Жаңылыс жазуды таптыңыз ба?

Текст бөліп шығарыңыз, басыңыз және хабарды бізге жіберіңіз.

Счетчики

Яндекс.Метрика