Басы Музейлер Бухаржырауск. музей

Бұқар-Жырау тар.-өлк. муз.

Басып шығару

здание музеяБұқар-жырау мәдениет және тілдер дамыту бөліміне қарасты 2001 жылы 9 сәуірде аудандық әдеби-өлкетану мұражайы болып ашылды.

 Жалпы ауданы — 174,7 ш.м., экспозициялық – 102 ш.м., қор – 9.02 ш.м.


Экспозициялар:


Тематикалық бөлімдердің құрылымы тұрақты экспозициялар және олардың қысқаша сипаттамасы:
Мұражайда үш экспозициялық зал жұмыс істейді.

  Жана-Арка

1 зал: Тарихи тұлғалар
• Ботақарадан Ботақараға дейін
• Ұлы Отан cоғысының ардагерлері, Ауған соғысының ардагерлері
• Тың игерушілер, ауданның құрметті азаматтары
• Адам еңбекпен даңқты (халықтық білім аймағында, ғылымда, мәдениетте, спортта)
• Қазақ халқының тұрмысы


2 зал: Мәдениет, тұрмыс, этнография


3 зал: Бұқар жырау ауданының картасы, қазіргі кездегі ауданның күнделікті тұрмысы

• Фитохимия институтының басты қызметі, ҚАЗАҚМЫС Корпорациясы, Қарағанды ғылыми-ауылшаруашылық зерттеу институты, «Халық Қаһарманы» иегері, ауыл шаруашылығының агрономы А. Христенконың құрметіне арналған көрме; сонымен қоса өсімдіктер және жануарлар әлемі (терілер, мүйіздер, тулыптар).

Бухар-Жырау Бухар-Жырау Бухар-Жырау Бухар-Жырау

Тақырыптық көрмелер:

  • «Жаралы жылдар жаңғырығы», «Елдің даңқын шығарған Ер — Асылбек»
  • «Аналарға мың тағзым»
  • «Ардагер — құрмет аты, ардақ аты»
  • «Жайнашы, жадырашы әз Наурызым»
  • «Еңбек адамының даңқы артсын»
  • «Жеңісті жақындатқан жерлестер»
  • «Отанды қорғау парызымыз»
  • «Алаш деп туған арысым» ақын Ахметбек Байсалбайұлына арналған
  • «Ахметбек ақын», «Мүшәйраға қатысқандар»
  • «Жазықсыз жапа шеккендер»
  • «Сайқымазақтар әлемі»
  • «Даңкын шығарған Ер- Асылбек» интернационалист жауынгер Жұматаев Асылбекке арналған.
  • «Спорт деген бір сиқыр»
  • «Ата заңым ардақты» Конституция күніне арналған
  • «Әр елдің төл теңгелері» нумизматика.
  • «Мәңгі сөнбес-жарық жұлдыздар» Ғ.Мұстафиннің, 105 –жылдығына арнау
  • «Ынтымағы жарасқан ырысты елміз»
  • «СПИД шприцсіз және елессіз
  • «Тәу етер жалғыз кием Тәуелсіздік»

Раритеттер мен мұражай жинақтары:

  • Қызыл қыштан жасалған керамикалық құмыра, қыш құмыра.
  • Үтіктер: булы және шойын, ХІХ ғ. 30 жылғы патефон және теледидары «Рекорд»
  • Метеорит бөлшегі 1935 ж., I –ші фарфор шебері Кузнецовтың таңбасымен құйылған тарелке.
  • Ағаш май шайқағыш, 1940 ж., ағаш леген, 1940 ж., бүтін ағаштан жасалған ыдыс– табақ, 19–20 ғғ. көйлек — қол тоқыма, 1940 ж., ұршық 1940 ж., күміс түйме, тұтқасы бар күміс айна, 1901 ж.
  • Фотоаппарат 1935 ж., С. И. Мосинның мылтығы, 19 ғасыр аяғы.
  • Метрика кітабы, 1910 ж.
  • Кітаптар: Л. Толстой «Отец Сергий», 1912 ж., «Война и мир» 1952 ж., М. Горькийдің кітабы, 1946ж.
  • Икона 1908 ж., ташбих, 1926ж., Құран, 1854ж. шығарылған

Бухар-Жырау Бухар-Жырау

Мұражай педагогикасы мен маркетинг

Еске алу кеші: Жауынгерлер -интернационалистер күніне арналған

  • «Отанды қорғау парызымыз»
  • «Бала тілі – бал» — халықаралық балаларды қорғау күніне
  • «Колокольчик» (ойындар) — бала-бақшадағы бүлдіршіндерге
  • «Әр елдің төл теңгелері» нумизматика
  • Еске алу кеші «Ер есімі — ел есінде»
  • «Алаш деп туған арысым» Ахметбек Байсалбайұлын еске алу кеші.

Дөңгелек үстел отырысы «Ұлы даланы зертеуші» Ғ.Мустафин 105 жылдығына арналған еске алу кеші.
Сайыс «Ең үздік реферат»
Дәрістер:

  • «Алты алаштың Абызы» — Бұқар жырауға арнау
  • «Адам еңбегімен құрметті» — Социалистік Еңбек Ері А. Любименконың 80 жылдығына және ақын Ахметбек Байсалбаевқа арналған
  • «Сайқымазақ әлемі» — ойыншықтар жинағы
  • «Бабалар рухы – Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би»
  • «Саяси қуғын-сүргін құрбандары»
  • «Барлық әлеммен СПИД-қа қарсы күрес»

Ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстары

Мұражайдың ғылыми зерттеу және жинақтау жұмыстары Бұхар жырау ауданының 80 жылдығына байланысты мұражай қорына жиналған тарихи деректерді талдау, жүйелеу, зерделеу бағытында жүргізілуде.
Ғылыми қор және есептеп-сақтау жұмыстары.
Жалпы жәдігерлер саны — 3800, оның 2744 — негізгі қор, 1056 — ғылыми-қосымша қор

«Сары-Арқа» аудан газетінде жарияланған мақалалар:
«Жан жарасы – Ауғанстан», «Ерлердің ісі мәңгілік», «Тартымды шара»,
«Алаш деп туған арысым», «Ботақара тарихы зерттелу үстінде»,
«Сайқымазақ ойыншықтар әлемі», «Ауыл өмірінің қызықты беттері»

Мерекелер және акциялар:
Халықаралық мұражайлар күніне, Облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі “Балалар ойыншықтары әлемі” көрмесіне саяхат (18.05.08г.)
Мұражай жөнінде ақпарат:
Жұмыс мерзімі: 9.00 сағ −18.00сағ.
Жеңілдіктер: Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүгедектерге 50% жеңілдік.
Келушілерге көрсетілетін қызмет түрі: экскурсия, дәрістер, фото және бейне түсірулер, экспозициялармен таныстыру

Мекен-жайы:инд. 100400.
Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы
Ботақара кенті Абылайхан көшесі, 37.
Телефон: 8 72154 22031

директоры — Нәбиева Орал Ынтуқызы

 

 

Новый зал "Сакской культуры"
 

Russian (CIS)ҚазақEnglish (United Kingdom)

Жаңылыс жазуды таптыңыз ба?

Текст бөліп шығарыңыз, басыңыз және хабарды бізге жіберіңіз.

Счетчики

Яндекс.Метрика