Басы Музейлер Балхашский музей

Балқаш тар.-өлк. муз.

Басып шығару

здание музеяНегізі қаланған: 1 қаңтар 1970 жыл. Ресми ашылуы: 25 қыркүйек 1973жыл

Мұражайдың жалпы ауданы: – 1443,3 шаршы метр

 

Экспозициялар

«Қазақтың халық аспаптары» экспозициясы әртүрлі саз аспаптарының макетімен толықтырылды, ол ақпараттық базаны жақсартты.
«Өлкенің жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі» залында Балқаш өңірінің флорасы мен фаунасы берілген.
Ең қызықты зал — археология залы, онда пештің макеті, петроглифтер, тасмүсіндер т.б. қойылған.
Жерлесіміз, «Құрмет» орденінің иегері суретші — өңдеуш Қрым Алтынбековтың тақырыптық жиыны ашылды.

экспозиция 2

экспозиция 3

экспозиция 4 экспозиция 1

 Тақырыптық көрмелер

Презентациялық блок

  • «Мыс алыбының пионерлері». Бірінші мыс балқымасын алуға қатысушы А. Тлеуғабыловтың 95 жылдығына орай (26.08.10ж.)
  • «Балқаштүстіметалл» ӨБ –нің көрмелері:
  • «Балқаш – металлургтер қаласы »
  • «Балқаш мысы — республика байлығы»

Ретроспективтік блок

  •  Әйгілі адамдардың мерекелік даталарына:
  • Академик А. Мусин (туғанына 100 жыл толуына)
  • Алғашқы құрылысшы В. И. Язев
  • «Ғарышқа жол» Белгілер, пошта маркалары мен открыткалар көрмесі
  • «Металлургтер қаласы». Балқаш қаласының 70 –жылдығына.
  • «Академик А. Х. Марғуланның өмірбаяны». Туғанына 105 жыл толуына.
  • «П. А. Соловьев – Балхаш тәжірибе алаңының директоры».
  • «Балхаш – достық пен бірліктің қаласы» Қазақстан халықтарының бірлігі күніне.
  • «Балқаштықтар – Жеңіс күніне»
  • «М. И. Городецкий — ҚазКСР құрметті өнертапқышы»
  • «Көктем бейнесі. Балқаш суретшілері жұмысының көрмесі.»
  • «ГУЛАГ аралдары. Саяси қуғын – сүргін күніне.

  • «Солтүстік Балқаш өңірі: жануарлар мен өсімдіктер әлемі»

Өлкетанушы Ю. Поповтың жеке жиынтығы және т.б.
Бұл 10 дәптерден артық мақалалар мен очерктер, зерттеулер, хаттар, кітаптар. Келушілерді Ю. Поповтың мына тақырыптары қызықтырады: «Орталық Қазақстанның флорасы мен фаунасы», Бақанас – Тоқырауын су бөлігі туралы, Балқаш көлі және Жетісу облысына саяхат, Орталық Қазақстанның өзендері, Балқаш ғылыми- кәсіпшілік экспедициясының Бетпақ –Далаға барған жұмысы туралы, Орталық Қазақстандағы бағбаншылық пен көгалдандыру туралы.
Жазушылар М. Пришвин, Марков, Л. Мартынов туралы материалдар өте қызықты, әйгілі ғалым – математик А. Ермеков туралы, композитор Тәттімбет туралы, ақын – кен білгірі Нарманбет туралы, академик О. Жаутіковтың хаттары мен әңгімелер жазбасы. Кітаптарының, жазбаларының ішінде «Қарқаралы өрнектері», «Қарқаралы олжалары», «Олар Сары-Арқа жадында» жұмыстары өте әйгілі. О. Жаутіковке, қазақтардың ішінде алғашқы болып физика – математика ғылымдарының кандидаты атағы 1944 жылы берілді. Ақын, өлкетанушы Нарманбет туралы, оның халық соты, болыс болғандығы, оның Томск тау-кен басқармасына Балқаш болысындағы кен орындарына барлау жұмыстарын жасауға сұраным қағаздар жібергендігі туралы қызғылықты деректер бар.Қазақ өлеңдерін жинаушы А. Затаевичтің өмірі мен шығармашылығы, виртуоз – домбырашы М. Ержанов туралы, Балқаш өңірінің акыны және әртісі Шашубай туралы.


Раритеттер мен мұражай жинақтары

утюг начало ХХв.стремена началло ХХв.

пулемет начало ХХ в.

 раритеты войны

  Мұражай педагогикасы мен маркетинг.

Әдіснамалар:
• «Казақстан орта ғасырда: дәстүрлі қазақ қоғамының социо және политогенез проблемалары»
• «Қазақстанда жартылай этникалық жартылай мәдени қоғамның қалыптасуы»
• «Казақстан халықаралық қатынастардың жүйесінде»
• « Бектау –Ата заказнигі»
Өлкетану оқулары:
• «Инженер – зерттеуші Антоновский»
«Академик А. Мусин» (туғанына 100-жыл толуына)
• «Алғашқы құрылысшы В. И. Язев» және т.б.

арифмометр-счетная машинка гармонь Шашубая Полевой секретер Русакова Рабочий стол Русакова

 Елдің ішіндегі және әлемдегі әртүрлі сипаттағы күрделі процесстер, қоғамның ынтызарлығы, музейлердің идеялық- тәрбиелік, білім беру саласындағы мүмкіндігін арттырады. Музей педагогикасы, музейдің коммуникативтік жұмысының негізгі формасы ретінде дифференциалды түрде әрбір музей жұмысына қатысады, музей педагогикасы әсерінің объектісі барлық саяси топтарға қатысты.

Гылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстары

2010 жылғы жылдық жоспарлар бойынша ұжымдық ғылыми – зерттеу жұмысы «Солтүстік Балқаш өңіріндегі индустриялық игеру кезеңіндегі баспасөз органдары» тақырыбы аясында мұражай қызметкерлері ІІ тоқсанда «Балқаштық теле және радио хабарлардың дамуы» тарауымен жұмыс жасауда.

Шаралар мен акциялар

қалалық әкімдіктің тілді дамыту және мәденеиет бөлімімен бірге Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығына арналған «Жады мен ескерткіштерді сақтайық» акциясы өткізілді. Акция кезінде кейбір кәсіпорындар мен мекемелер ескерткіштерді жөндеп, көгалдандыру жұмысына көмек берді.
Ғылыми қор және есептеп-сақтау жұмыстары.
Жалпы жәдігерлер саны — 42158, оның 31494 — негізгі қор, 10664 — ғылыми-қосымша қор

Мұражай жөнінде ақпарат
Мекен-жайы: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 12
Тел: 8 71036 6 59 70, 6 59 30

Директоры: Сеильханова Азиза Қаркешқызы

 

 

Новый зал "Сакской культуры"
 

Russian (CIS)ҚазақEnglish (United Kingdom)

Жаңылыс жазуды таптыңыз ба?

Текст бөліп шығарыңыз, басыңыз және хабарды бізге жіберіңіз.

Счетчики

Яндекс.Метрика