Басы Музейлер Актогайский музей

Ақтоғай арх.-этн. муз.

Басып шығару

Ақтоғай мұражайы 1986 жылдан 1991 жылдың маусым айына дейін Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану мұражайының өлкетану филиалы болып келді. Қазақ КСР-і Министрлер Кабинетінің 7 маусым 1991 жылғы № 91-р Жарлығы бойынша өз алдына жеке ғылыми негіздегі Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайы болып құрылды.


Мұражай үйі аумағы — 356,1 ш.м., археологиялық залы – 119,7 этнография, өлкетану залы – 156, қор сақтау орны – 43,8 ш.м.

Экспозициялар

юртаплуг начало ХХ в.экспозиция по краеведению

 макет

Тақырыптық көрмелер:

  •  «Алашқа мүше болған Ақтоғайлықтар»
  • «Алаш қозғалысының көшбасшылары, халық кеңесінің мүшелері»
  • «Алашорда үкіметі — халық кеңесі мүшелігіне кандидаттар»
  • «Алаш қозғалысының мүшелері», «Алаш қайраткерінің саяси күресі»
  • «Тәуелсіздіктің төл теңгесі»
  • «Ақтоғайлықтардың тәуелсіздік жылдарындағы төл туындылары»
  • «Қасіретті желтоқсан»
  • «Ауданның құрдастары»
  • «Ақындар-жазушылар, шежірешілер, зерттеушілер»
  • «Ғалымдар», «Академиктер» атты фото-деректі жылжымалы көрмелер

Раритеттер

монета с арабской вязьюсабля начало ХХ в.пистолет начало ХХ в.

 подсвечник начало ХХв.

 Мұражай педагогикасы және маркетинг

Дәрістер:

  • «Алаш қозғалысына қатысқан, алашқа мүше болған Ақтоғайлықтар»
  • «15 ақпан-Ауғанстаннан шектеулі Кеңес Әскерінің шығарылған күні»
  • «Ұлы Отан соғысының соңғы сарбаздары»
  • «Атаулар — ата тарихымыз»
  • «Мемлекетіміздің рәміздері»
  • «Жерлесіміз тұңғыш медицина ғылымының докторы Гүлбаһрам Имамбекқызы Тарабаева −100 жаста»,
  • «Төрекелді, Гүлшат» атаулары қайдан шыққан?»
  • Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановқа атқосшы болған адам Рамазан Әлиманұлы туралы
  • «Балқаш қаласын тұщы сумен қамтамасыз ететін Тоқырауын өзені»
  • «Мусин Әлихан Шөжебайұлы — 100 жаста»
  • 31 мамыр — ашаршылық құрбандары мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні мұражайға келушілерге «Арманда кеткен есіл ерлер» Әбду Жүнісов, Рамазанов Түсіпбек т.б. туралы», деректі дәріс оқылып, естеліктер алынды.
  • «Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғылым докторы, профессор Әсет Болғанбаев — 80 жаста»
  • «Социалистік Еңбек Ері Мұқанов Маубас-110 жаста»
  • «КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің депутаты, СОКП ХХVII съезінің делегаты Сейілханов Сейдіғали −75 жаста»
  • «Аман Сәдуақасов — үкілі домбыра байқауының лауреаты»
  • «Астана -Қазақстан жаңаруының жарқын белгісі»
  • «Мемлекетіміздің рәміздері»
  • «Қоғам қайраткері, ағартушы Қанафин Әуезхан»
  • «Дала данышпаны, ойшыл ақын Шәкәрім қажының туғанына-150 жыл»
  • «Тоқырауын, Нұра бойындағы болыстар жайлы тарихи»
  • «Екі саланың ардагері» (журналист әрі ұстаз Қасымхан Қаленов жайлы)
  • «Қазақтың қару-жарағы жайлы»
  • «Ардагер әнші -Сүлейменов Оралтай»
  • «Тәуелсіздік қарлығаштары жайлы»

Ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстары

Мұражайдың ғылыми зерттеу және жинақтау жұмыстары Ақтоғай ауданының 80 жылдығына байланысты мұражай қорына жиналған тарихи деректер талдау, жүйелеу, зерделеу бағытында жүргізілуде.

археологические раскопки 1археологические раскопки 2археологические раскопки 3

 археологические раскопки 4

 Жалпы жәдігерлер саны — 3359, оның 1653 — негізгі қор, 1706 — ғылыми-қосымша қор

Мақалалар:
«Ақтоғай ауданының 80 жылдығы қарсаңында»
«Таным мен тарих зердесі»
«Көне суреттер сыр шертеді»

Мұражай жөнінде ақпарат
жұмыс істеу уақыты: 9.00–18.00.
Демалыс күндері: Жексенбі, дүйсенбі.
Билет бағасы: 10 теңге.
Келушілерге қызмет көрсету:
Жалпы шолу экскурсиялары және тақырыптық экскурсиялары.
Фото және бейнетүсірілімдер.
Мұражай жәдігерлерімен жекелей таныстыру.

Мекен жайы: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы
Ақтоғай ауылы, Жақып мырза Ақбай көшесі, 1-үй. тел.: 8 71037 2-10-7

Директоры — Мұқан Тұнғышбай Өміртайұлы

 

 

Новый зал "Сакской культуры"
 

Russian (CIS)ҚазақEnglish (United Kingdom)

Жаңылыс жазуды таптыңыз ба?

Текст бөліп шығарыңыз, басыңыз және хабарды бізге жіберіңіз.

Счетчики

Яндекс.Метрика