Ақтоғай мұражайы 1986 жылдан 1991 жылдың маусым айына дейін Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану мұражайының өлкетану филиалы болып келді. Қазақ КСР-і Министрлер Кабинетінің 7 маусым 1991 жылғы № 91-р Жарлығы бойынша өз алдына жеке ғылыми негіздегі Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайы болып құрылды.
Мұражай үйі аумағы — 356,1 ш.м., археологиялық залы – 119,7 этнография, өлкетану залы – 156, қор сақтау орны – 43,8 ш.м.
Экспозициялар
Тақырыптық көрмелер:
- «Алашқа мүше болған Ақтоғайлықтар»
- «Алаш қозғалысының көшбасшылары, халық кеңесінің мүшелері»
- «Алашорда үкіметі — халық кеңесі мүшелігіне кандидаттар»
- «Алаш қозғалысының мүшелері», «Алаш қайраткерінің саяси күресі»
- «Тәуелсіздіктің төл теңгесі»
- «Ақтоғайлықтардың тәуелсіздік жылдарындағы төл туындылары»
- «Қасіретті желтоқсан»
- «Ауданның құрдастары»
- «Ақындар-жазушылар, шежірешілер, зерттеушілер»
- «Ғалымдар», «Академиктер» атты фото-деректі жылжымалы көрмелер
Раритеттер
Мұражай педагогикасы және маркетинг
Дәрістер:
- «Алаш қозғалысына қатысқан, алашқа мүше болған Ақтоғайлықтар»
- «15 ақпан-Ауғанстаннан шектеулі Кеңес Әскерінің шығарылған күні»
- «Ұлы Отан соғысының соңғы сарбаздары»
- «Атаулар — ата тарихымыз»
- «Мемлекетіміздің рәміздері»
- «Жерлесіміз тұңғыш медицина ғылымының докторы Гүлбаһрам Имамбекқызы Тарабаева −100 жаста»,
- «Төрекелді, Гүлшат» атаулары қайдан шыққан?»
- Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановқа атқосшы болған адам Рамазан Әлиманұлы туралы
- «Балқаш қаласын тұщы сумен қамтамасыз ететін Тоқырауын өзені»
- «Мусин Әлихан Шөжебайұлы — 100 жаста»
- 31 мамыр — ашаршылық құрбандары мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні мұражайға келушілерге «Арманда кеткен есіл ерлер» Әбду Жүнісов, Рамазанов Түсіпбек т.б. туралы», деректі дәріс оқылып, естеліктер алынды.
- «Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғылым докторы, профессор Әсет Болғанбаев — 80 жаста»
- «Социалистік Еңбек Ері Мұқанов Маубас-110 жаста»
- «КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің депутаты, СОКП ХХVII съезінің делегаты Сейілханов Сейдіғали −75 жаста»
- «Аман Сәдуақасов — үкілі домбыра байқауының лауреаты»
- «Астана -Қазақстан жаңаруының жарқын белгісі»
- «Мемлекетіміздің рәміздері»
- «Қоғам қайраткері, ағартушы Қанафин Әуезхан»
- «Дала данышпаны, ойшыл ақын Шәкәрім қажының туғанына-150 жыл»
- «Тоқырауын, Нұра бойындағы болыстар жайлы тарихи»
- «Екі саланың ардагері» (журналист әрі ұстаз Қасымхан Қаленов жайлы)
- «Қазақтың қару-жарағы жайлы»
- «Ардагер әнші -Сүлейменов Оралтай»
- «Тәуелсіздік қарлығаштары жайлы»
Ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстары
Мұражайдың ғылыми зерттеу және жинақтау жұмыстары Ақтоғай ауданының 80 жылдығына байланысты мұражай қорына жиналған тарихи деректер талдау, жүйелеу, зерделеу бағытында жүргізілуде.
Жалпы жәдігерлер саны — 3359, оның 1653 — негізгі қор, 1706 — ғылыми-қосымша қор
Мақалалар:
«Ақтоғай ауданының 80 жылдығы қарсаңында»
«Таным мен тарих зердесі»
«Көне суреттер сыр шертеді»
Мұражай жөнінде ақпарат
жұмыс істеу уақыты: 9.00–18.00.
Демалыс күндері: Жексенбі, дүйсенбі.
Билет бағасы: 10 теңге.
Келушілерге қызмет көрсету:
Жалпы шолу экскурсиялары және тақырыптық экскурсиялары.
Фото және бейнетүсірілімдер.
Мұражай жәдігерлерімен жекелей таныстыру.
Директоры — Мұқан Тұнғышбай Өміртайұлы