Басы Мәдени мұра Қарағанды облысы бойынша 2008-2010 жылдарға арналған «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасын

Қарағанды облысы бойынша 2008-2010 жылдарға арналған «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасын

Басып шығару

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабына, Мемлекет басшысының 2005–2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарының 34 тармағына және Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 мамырдағы № 10/12 қаулысымен бекітілген 2007–2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасын орындау мақсатында 2008–2010 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасы әзірленіп, 2007ж. 14 желтоқсанның № 41 Облыстық мәслихаттың ІІІ сессиясы шешімімен бекітілді.

2008-2009жж. бағдарламаны іске асыру жоспары бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

  •  Дария қорымында археологиялық зерттеу жұмыстары, Шет ауданы;
  •  «Тегісжол» әр кезеңдегі археологиялық ескерткіштер кешенінде зерттеу жұмыстары, Бұқаржырау ауданы;
  •  Шешенқара әр кезеңдегі археологиялық ескерткіштер кешенінде зерттеу жұмыстары, Бұқаржырау ауданы; 
  •  облыс аумағында тас дәуіріндегі археологиялық ескерткіштерді зерттеу жұмыстары;
  •  Майқұдық қола дәуірі қорымында зерттеу жұмыстары, Қарағанды қаласы; 
  •  Балқаш көлінің Тасарал аралы ескерткіштерін археологиялық зерттеу жұмыстары, Ақтоғай ауданы;
  •  Орталық Қазақстанның ерте қала мәдениетін зерттеу жұмыстары жүргізілді
  •  облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорын толықтыру үшін ғылыми экспедициялар өткізу; 
  •  Қарағанды облысы халықтарының ауызша халық шығармашылығын жинау және зерттеу мақсатында ғылыми-фольклорлық экспедициялар ұйымдастыру, жинақ шығару;
  •  қола және ерте темір дәуіріндегі Қарқаралы аймағындағы ерте металлургтер мен мал шаруашылық мәдениетін архологиялық зерттеу.

Археологиялық зерттеу қортындысы бойынша 100 аса қола, темір, алтын, сүйектен жасалған археологиялық артефакторлар (жәдігерлер) табылды. Сонымен қоса көне қалашықтар сызба жоспары құрастырылып, жерлеу құрылымы бойынша материалдар жиналды. Бұл материалдар ғылыми айналымға енгізіліп аталған жәдігерлер облыстық тарихи-өлкетану музейіне қойылады.

Сонымен қатар Ұлытау ауданындағы Қарадын және Қособа ескерткіштерін (7–9 ғғ.), Ахмет ишан мешітін-үйінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, Қарқаралы ауданындағы Ақын Шөже кесенесінде қалпына келтіру жұмыстары, Нүркен 2 қорымында зерттеу және консервациялау жұмыстары жүргізілді, А. Байтұрсынов мектебі ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, Ақтоғай ауданы Беғазы кешенінде реставрациялау-консервациялау жұмыстары жүргізілді, Бұрынғы Карлаг басқармасының ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізілді, Жанаарқа ауданынындағы Шон, Сайдалы Сары Тоқа кесенелерінде консервациялау және абаттандыру, Ұлытау ауданындағы Ерден Сандыбайұлы кесенесі, Қарқаралы қаласындағы ақтардың қолынан қаза тапқан 78 коммунарлар ағайындылар зиратында қалпына келтіру жұмыстары, «Қарағанды облысы мұражайлары» мұражайлық web-портал құрылды, Қазақстан мемлекеттік мұрағат қорларындағы облыс тарихы туралы материалдар жиналып баспадан шығарылды, «Сарыарқа мәдениеті» туралы материалдар жинақ талып, баспаға дайындалды, Қарағанды облысының кітапханалары қорындағы өлкетану туралы құжаттарды сақтау, Ж. Бектұров атындағы облыстық жастар кітапханасы «Шуақ» жастар үшін тарихи-өлкетану сайтын құру шаралары жүзеге асырылды.

Сонымен бірге облыстың ескерткіштер Жинағын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Облыстың тарихи мәдени ескерткіштерін анықтау, құжаттандыру, жүйелеу және тексеру мақсатындағы ғылыми экспедициялар жүргізілді (барлық аудандар мен қалаларға 10 экспедиця, ескерткіштер жөнінде 1,5 мың жаңа деректер — координаттар, фотолар, қималар, жобалар және т.б.). Тарихшы, этнограф, археолог ғалымадармен бірлескен ғылыми мәтіндер, фотоматериалдарды сараптау, қималарды, жоспарларды таңдау және т.б. жұмыстар атқарылуда. Ескерткіштер жинағына енгізуге 2500-ге жуық тарихи-мәдени ескерткіштер дайындалды.
2008ж. бағдарламаны жүзеге асыруға 59,7 млн. тг., 2009 жылы 58,9 млн. тг. қаражат бөлініді.

Мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Андреева В.
 

 
Russian (CIS)ҚазақEnglish (United Kingdom)

Госзакупки

Жаңылыс жазуды таптыңыз ба?

Текст бөліп шығарыңыз, басыңыз және хабарды бізге жіберіңіз.