Басы Қарағанды облысы Қарағанды облысының климаты, табиғат, жер қойнауы

Қарағанды облысының климаты, табиғат, жер қойнауы

Басып шығару

карта области

Қазіргі шекарасы 1997 жылы қалыптасқан. Қарағанды облысы шекарасы оңтүстігінде – Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл, батысында – Ақтөбе, солтүстік-шығысында – Павлодар, солтүстік-батысында – Қызылорда, оңтүстік-шығысында – Алматы облыстарымен шектеледі.

Облыс және қалалардағы халық саны және климаты

Қарағанды облысында 428 мың шаршы километр аймақта 1334,4 мың адам тұрады (2006 ж.). Облыстың территориясы 9 селолық әкімшілік ауданға бөлінеді, 11 қала, 39 кент, 168 селолық және ауылдық округтер, 498 негізгі ауылдық тұрғын орталықтар бар.

Облыс және қалалардағы халық саны, 1 қаңтар 2006 ж.

Көлемі, мың ш.м.

Халық саны, мың адам

тұрғындар саны, мың адам

Қалалық

Ауылдық

Қарағанды облысы

428,0

1334,4

1125,1

209,3

Қарағанды қаласы

0,5

446,2

446,1

0,1

Балқаш қ.

5,9

73,5

73,5

-

Жезқазған қ.

1,8

96,4

91,7

4,7

Қаражал қ.

12,3

19,3

19,3

-

Приозерск қ.

0,1

12,4

12,4

-

Саран қ.

0,2

50,9

50,9

-

Сәтпаев қ.

1,1

70,4

70,2

0,2

Теміртау қ.

0,3

170,7

170,7

-

Шахтинск қ.

0,2

56,6

56,6

-

Абай ауданы

6,5

54,9

41,2

13,7

Ақтоғай ауданы

52,0

19,4

5,8

13,6

Бұқар жырау ауданы

14,6

61,0

13,2

47,8

Жаңарқа ауданы

50,9

28,6

15,3

13,3

Қарқаралы ауданы

35,5

43,6

11,4

32,2

Нұра ауданы

46,3

31,2

5,8

25,4

Осакаров ауданы

11,2

37,4

13,6

23,8

Улытау ауданы

122,9

14,9

4,6

10,3

Шет ауданы

65,7

47,0

22,8

24,2

Облыстың климаты тым континенталды: жазы құрғақ, қуаң, ыстық, қысы суық, қатты, боранды және желі көп, желдің төмен жылдамдығы 4–5 м/сек, ал ең жоғарғы жылдамдық көрсеткіші 30 м/сек шамалас. Жиі және қатты желдер қысты күні қарлы, ал жазды күні шаң дауыл көтереді. Облыс аймағы 4 климаттық аудандарға (қоңыржай-салқын, қоңыржай-жылы, ұсақ шоқылы-қуаң, қоңыржай-жылы қуаң, жылы қуаң) бөлінеді. Қоңыржай-салқынға Қарқаралы ауданының жері жатады. Қоңыржай жылы, ұсақ шоқылы-қуаң аудан Сарыарқаның неғұрлым аласа бөлігін қамтиды. Бұған Бұқаржырау, Осакаров аудандары жатады. Қоңыржай-жылы, қуаң аудандарға Осакаров ауданының орталық бөлігі, Қарқаралы ауданының оңтүстік бөлігі кіреді. Жылы қуаң аудандар — Нұра, Абай және Бұқаржырау ауданының көпшілік бөлігін қамтиды.

Облыста қысқы ең төменгі температура Осакаровка ауданында –40º-52º-ге дейін төмендейді. Қыс 5–5,5 айға жалғасады. Көп тұрғыда қыс қатал болады. Кей жылдары желтоқсан, немесе қаңтар айлары жылы болады. Абсолюттік қысқы жоғары жылы температура желтоқсанда +6°С, қаңтарда +7°С. Көктемгі ауа райы құбылмалы. Жаз ыстық, құрғақ және 3–4 айға созылады. Шілдеде ауа райының температурасы +34-39º дейін жетеді, ал кейбір жылдары 40-43º дейін барады. Жаз айларында жауын-шашын (120 мм) жылдық мөлшердің 40%-ін алады. Кейбір жылдары маусымда ыстық, құрғақшылық ауа райы қалыптасады. Ылғал сүйгіш өсімдіктер құрғап, дала шөлейтке айналады. Күз қыркүйектің басында басталып, қазанның аяғына, қарашаның басына дейін созылады. Қыркүйек — қазанда құстар қайта бастайды: қарлығаштар, көкектер, тырналар, үйректер. Қазан-қараша айларының ортасынан бастап қар қалың жауа бастайды.

Облыстың жер қыртысы

Облыс жері Сарыарқаның неғұрлым қыратты келген орталық бөлігін қамтиды, таулардың қалдықтары бара-бара ұсақ шоқыларға айналады. Шоқылардың орта есеппен биіктігі 400–600 м. теңіздің деңгейінен. Шығыста шоқылар таулы массивтерді құрайды. Ең биік тау Қызыларай (Ақсоран тауы 1566 м.), Кент (1469 м.), Қарқаралы (1403 м.), Қу (Балқан-тау 1366 м.). Облыстың солтүстік батысында шоқылар айналып, Ұлытау тауын (1300 м.) құрайды, оңтүстік батысында Бетпақ дала шөліне (300–500 м.) және Тұран ойпатына ұласады. Тау массивтерінің жер қойнауында әр-түрлі кен қазбалары бар.
Қарағанды облысында сортаңды, сазбалшықты, ауыр саздақты жерлер молынан. Сортаң жердің басты айырмашылығы жер бетінен шамалы тереңдікте (5-20см) сортаңды қабаттар бар. Облыстың жер қыртысы қоңыр-қызғылт келеді, орталық бөлігінде ашық-қызғылт қыртыс басым, көңнің құрамы 2-3%. Бұл жерлер ауыл шаруашылығына, сол сияқты жайылымға пайдалы. Көп жерлерде қаратопырақты қыртыстар кездеседі. Таулы аудандарда балшық топырақты, қара топырақ кездеседі. Бұл қыртыс суы мол жазықтарда, таулы қыраттарға тән. Өзен алқаптарында және тым басыңқы жерлерде шабынды-сарғылт, шалғынды саздақты және ауыр саздақты топырақ кездеседі. Шөп шабуға, кейде жайылым ретінде қолданылады. Құмды жерлер де кездеседі. Қарқаралы ауданы таулы болып келеді. Облыстың жер қыртысы желдік эрозияға ұшыраған. Жер қыртысын жел эрозиясынан сақтау және оның құнарлығын арттыру туралы жұмыстар жүргізіледі.

Жер бетіндегі ағын

Қарағанды облысында ірі өзендер – Нұра (978 км), Сарысу (769 км) өзендері саналады. Нұра өзені бастауын Қарқаралы таулы массивінен 1000 м. биіктіктен алады. Жалпы жылдық су жинау 150–250 млн м.куб. Тармағы-Шерубайнұра, Үлкен Құндызды, Байқожа, Атасу. Ең үлкен көл – Балқаш, ауыз сумен қамтамасыз ететін ірі гидротехникалық құрылыс – Қ.Сәтпаев атындағы Ертіс-Қарағанды каналы. Облыстың жер беті егін және мал шаруашылығына ыңғайлы. Облыс территориясында өзен-көлдер нашар дамыған. Облыстың басқа да ірі өзендеріне Құланөтпес, Талды, Нарлы, Түндік өзендері жатады. Облысымызда шамамен 1300 көлдер бар, олардың ішінде 100 көлдің ауданы 1 шаршы км-ден асады. Қарқаралыдан 50 км. солтүстікке таман Қарасор тобына жататын шамамен 50 шақты көлдер бар (Қарасор, Саумалкөл, Балықтыкөл). Көлдердің түбінде қара түсті күкіртті сутекті шипалы сұр балшық тұнған. Емдеуге және медицинада пайдаланылады.

Табиғи пайдалы қазбалары

Облыс территориясында ерте дүниеде болған күрделі геологиялық процесстер оның қойнауында әртүрлі пайда қазбалардың жиналу қорының қалыптасуына алып келді. Облысымыздың энергетикалық қоры және тас көмір бассейніні қоңыр және тас көмір кен орындарымен бай. Көмір қабаттары қуатты, әрі ауыр салмақты және опырылып құлау қасиетіне байланысты болғандықтан, оны өндіруде механизация пайдаланылады.

Көмір қабаттарының кейде жер бетіне жақын болғандығынан, оны карьер әдісімен де өндіреді. Бұл шахта өніміне қарағанда жеңіл, әрі 10–15 есе арзан. Қарағанды көмірінің негізгі тұтынушылары — республикамыздың металлургиялық және энергетикалық мекемелері.

Тас көмір отын ғана емес, сонымен қатар қымбат шикізат. Кокстау және өнімдеу процесінің нәтижесінде көмірден газ, смола, бензол, фенолят, қара май және т.б. химиялық заттар алуға болады.

Біздің облысымызда әртүрлі металдардың рудалары қалыптасқан. Пайдалы қазбалардың басты кен орындарының орналасу карта-схемасынан облысымызға мыс, темір, полиметалдық әртүрлі рудалараның қабаттануының тән екенін көруге болады. Облысымызда 290-дей ұсақ мыс кен орындары табылған. Солардың бірі Қоңырат мыс кен орны — Балқаш кен-металлургия комбинатының кәсіпорны. Полиметалдық рудаларға-вольфрамит, пирит, галенит, сфалерит, қорғасын рудалары жатады. Рудаға жатпайтын пайдалы қазбалар — бұл өнеркәсіп саласында, құрылыста, ауыл шаруашылығында пайдаланатын әртүрлі тау жыныстары мен минералдар.
Қарағанды облысының таулы аймақтарында әдемі кварц кристалдары мен оның әр түрлері кездеседі: раухтопаз шоғыры, алтықырлы тау хрусталінің кристалы. Ол линза жасауда, спектрографиялық призма жасуда т.б өнеркәсіп орындарында пайдаланылады.

Мәрмәр көне орындары зерттеліп, ашылды. Мәрмәр құрылыстық, декоративтік және скульптуралық материал. Құрылыс және декоративтік материал ретінде гранитті де пайдаланады. Андезиттік порфирит — қышқылға төзімді құрылыс материалы.

Облыс территориясында сол сияқты табиғи құрылыс материалдары кездеседі. Олар саз-балшық, құм, құрылыс тасы т.б. Саз-балшық, кірпіш, керамикалық және отқа берік бұйымдар жасағанда пайдаланылады. Бассейннің әр бөлігінде металлургиялық, химиялық цемент өнеркәсіптеріне жарамды әк тастың 20 кен қазу орны табылған. Құм-қиыршық тас қабатының табылған орындары көп тұрғыда өзендердің сағаларында болды. 1954 жылы топографиялық партиялар тобының базасында, рудаға жатпайтын құрылыс материалдарына Орталық Қазақстан экспедициясы құрылды. 1965 жылдың 20 ақпанында бұл экспедиция Қарағанды гидрогеологиялық экспедициясы болып, ал 2001 жылдың ақпанында «АБС-Қарағандыгеология» ААҚ болып қайта өзгертілді. Бұл мекеме негізінен бұрғылау жұмыстарымен айналысады. Сирек кездесетін металды және полиметалдық кендерге, алтын қорларына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді. Пайдалы және рудаға жатпайтын қазбаларға, құрылыс материалдарына геологиялық зерттеу жасайды.

Қарағанды облысының жер қойнауы өте бай. Онда тас көмір, темір рудасы, түсті металл, құрылыс материалдарының бірталай қоры бар, былайша айтқанда, Менделеев таблицасының біршама көп элементтері кездеседі.


 

 

Новый зал "Сакской культуры"
 

Russian (CIS)ҚазақEnglish (United Kingdom)

Друзья сайта

Фотограф в Караганде
Луцук Мария
: фотосессия -
оригинальный подарок
на 23 февраля,
съемка мероприятий.

Жаңылыс жазуды таптыңыз ба?

Текст бөліп шығарыңыз, басыңыз және хабарды бізге жіберіңіз.

Счетчики

Яндекс.Метрика