Басы Жалпы Археологиялық қазба жұмыстары

Археологиялық қазба жұмыстары

Басып шығару

жапсырмалар2014 жылы Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі өзінің кезекті маусымдық-далалық жұмыстары нәтижесінде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Томар ауылдық округіне қарасты Айыртас, Естек қорымдарына археологиялық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Қазба барысында ерте темір дәуіріне жатанын 5 қорған зерттелді. Нәтижесінде 10 әртүрлі пішіндегі моншақтар, тұтқалы қола айнаның сынықтары, үшқанатты қола жебенің ұшы, қыш құмыраның сынығы, 2 алтын әшекей, сонымен қатар ограникалық қалдықтар: арқанның үзігі, мата, қорамсақтың қалдығы табылды. Сонымен қатар, Бұқаржырау ауданы, Үміткер ауылдық округіне қарасты Үлгі ауылының маңындағы Қарақойтас қорымының үш қорғаны зерттелді. Қазба барысында қола дәуіріне, ерте темір дәуіріне, түрік кезеңіне жататын 3 қорған зерттелді. Нәтижесінде қола дәуіріне жататын алтын сырғаның салпыншағы, қыш ыдыстардың сынықтары, ортағасырлар дәуірі, түрік кезеңіне жататын ат-әбзелдерінің бұйымдары үш түрлі жапсырмалар, әшекейленіп, оймышталып жасалған сүйектер, тас бойтұмар, темір үзеңгі т.б. табылды. Ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру барысында Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Алданазар, Әзімбай мазарларына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бөлім қызметкерлері «КМҚК Тарихи-мәдени мұраларды сақтау орталығымен» тығыз байланыс орнатып, далалық жұмыстарға барынша атсалысуда.

 

 

Новый зал "Сакской культуры"
 

Russian (CIS)ҚазақEnglish (United Kingdom)

Друзья сайта

Фотограф в Караганде
Луцук Мария
: фотосессия -
оригинальный подарок
на 23 февраля,
съемка мероприятий.

Жаңылыс жазуды таптыңыз ба?

Текст бөліп шығарыңыз, басыңыз және хабарды бізге жіберіңіз.

Счетчики

Яндекс.Метрика