Басы

Қош келдіңіздер!

Басып шығару

Қарағанды облысы музейлерінде қазақ халқының және Қазақстанның басқа халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің көптеген айғақтары сақталған.

Қарағанды, Балқаш, Теміртау тарихи-өлкетану мұражайларының, облыстық бейнелеу өнері мұражайының, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен, республикадағы жалғыз ашық аспан астындағы Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихының мұражайының экспозициялары көрермендерді қызықтырады.

Музейлерді жыл сайын 350 мыңнан астам келіп көреді.Облыс музейлерінің қызметкерлері облыстық, халықаралық дейгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға белсене қатысып, жүйелі түрде білімдерін жетілдіріп отырады.

Облыс музейлері жыл сайын археологиялық, этнографиялық және фольклорлық экспедициялар жүргізіп, тарихи және мемлекеттік күнтізбелік күндерге арналған көрмелер мен шаралар өткізіп, мектептік және қоғамдық музейлерге әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуде.

 

 

Новый зал "Сакской культуры"
 

Russian (CIS)ҚазақEnglish (United Kingdom)

Жаңылыс жазуды таптыңыз ба?

Текст бөліп шығарыңыз, басыңыз және хабарды бізге жіберіңіз.

Счетчики

Яндекс.Метрика