Басы Бiздiң өлке Өлкетану Музейдің бірінші директоры.

Музейдің бірінші директоры.

Л. Ф. Семеноватің өмірі мен қызметі жөнінде ақпарат.Семенов Л.Ф.

1937–1958 жылдар аралығында Л. Ф. Семенов Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейін басқарды.Леонид Федорович Семенов 1901 жыл 1 сәуірде революцияға дейін көпес болған басқарушының отбасында дүниеге келді.

1919 жылы Петропавл реалдық (математика, жаратылыстану ғылымдарын басым етіп оқытқан революциядан бұрынға орта мектеп) училищесін бітірді.

1923 жылы өз бастамасымен Ақмола уездік музейін ашты.1924 жыл кітапханашылардың екіапталық курсын ұйымдастырды.

1924 жылдың аяғы 1926 жыл аралығында Петропавлда кітапханада жұмыс жасады, содан соң білім беру Үйіне меңгеруші юолып ауысты, кейін директор болып тағайындалды.

1926 жыл Ақмолаға қайтып оралып кітапхана және музей меңгерушісі болды.

1932 жылыя Қазақстан Орталық музейінде жұмыс жасады.

1937 жылы 15 қарашада Қарағанды музейінің директоры болды, 1938 жылы 8 наурызда музей облыстық тарихи-өлкетану деген статус алды.

1938 жылы Л. Ф. Семенов басшылығымен Қарағанды музейі бірінші экспедиция ұйымдастырды. Арнайы күркесі бар ат-көлікте жергілікті халықты аралап материалдар, экспонаттар, қазақ халқының тұрмыстық заттары жинақталды.

1940 жылы мәскеулік профессор С. В. Киселев басшылығымен Қарқаралы ауданында жүргізілген қазба жұмыстарына музей қызметкерлері қатысты. Бес оба табылды. Андронов кезеңіне жататын заттар табылды. Олар: қабырғалы және құтытәріздес геометриялық өрнектері бар ыдыстар, қола білезіктер, сүйек біздер,білезіктер, моншақтар, бұрғыланған раковиналар, тістер және де адам мен малдың сүйектері.

Соғыс жылдарында арнай қорғаныс бөлімі болды, онда атқыштар, граната лақтырушылар, танкімен қорғаушылар, әуе қорғаныс күштері, ПВХО тақырыптарында материалдар қойылды. Жаңа қала кинотеарында қорғаныс көрмесі ұйымдастырылды. Музейдің қорғаныс жұмысы туралы 1942 жылы Казнаркомпрос жинағындағы Семеновтың «Республиканың мәдениет мекемелрінің жұмыс тәжірибесі» атты мақаласында жарық көрді. Музей «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлкетанушыға естелікті» жарыққа шығарды. Музей қызметкері Семенов Леонид Федорович «1941-1945жж Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 

Семенов Л. Ф. 1958 жылдың 20 шілдесінде зейнеткерлікке шықты.

Леонид Федорович Семенов өзінің үйінде консультативті пункт ұйымдастырды, өлкетану тақырыбында түрлі 300 альбом, 200 қолжазба жинақталды. Үйдегі музейге өлкенің тарихы қызықтырған тарихшылар, студенттер, оқушылар, жоо оқытушылары барып тұрады.

1986 жылы 9 мамырда дүниеден өтті.

ОТӨМ қорынан.                 Орыспаева М. К. бас қор сақтаушы

 

 

Новый зал "Сакской культуры"
 

Russian (CIS)ҚазақEnglish (United Kingdom)

Друзья сайта

Фотограф в Караганде
Луцук Мария
: фотосессия -
оригинальный подарок
на 23 февраля,
съемка мероприятий.

Жаңылыс жазуды таптыңыз ба?

Текст бөліп шығарыңыз, басыңыз және хабарды бізге жіберіңіз.

Счетчики

Яндекс.Метрика