Басы Бiздiң өлке Өлкетану XIX-ғасырдағы Қоянды жәрменкесінің фотокөрініс

XIX-ғасырдағы Қоянды жәрменкесінің фотокөрініс

1977 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 18 мамыр Халықаралық музейлер күні болып бекітілді. Дәл осы күні әр музейде жаңа көрмелер мерекелік іс-шаралар өткізу дәстүрге айналды. Сондықтанда Халықаралық музейлер күніне және облыстық тарихи-өлкетану музейінің 80-жылдық мерейтойы аясында «Тарих беттері сыр шертеді» атты облыстық музей мерекесі өтті. Теміртау музейі                                       

1848 жылдан 1930 жылға дейін жалғасқан, көпес Варнава Ботов ұйымдастырған «Қоянды жәрмеңкесі» тек сауда-саттық ісінде ғана емес, көршілес елдермен тұрақты экономикалық байланыс жасауда, халықтың өнері мен мәдениетін дамытуда аса маңызды орын алды. Оларды қалың қазақ қауымының бас қосатын, халық өнерін насихаттаудың орталығы болды. Арқа өңірінің небір тарландары жиылып, өнер сайысын ұйымдастырып, жәрмеңкені қыздыра түскен. Жалғыз өзіміздің жерден ғана емес әншілер, палуандар, цирк әртістері Қытай, Ресей, Жапониядан да келген.

«Қоянды жәрмеңкесі» ұлтымыздың өнер саңылақтары түлеп ұшқан өнер мектебі десе де болады. Мысалы, қазақ халқының атақты әншісі, сырнайшы М.Уәлиқызының танымал болуына осы жәрмеңке себепкер. Қ.Қуанышбаев көп күнге созылған жәрмеңкенің талай кештерінде дауысын бірде бала, бірде кемпір, бірде шал қылып құбылтып атын бүкіл қазаққа әйгілі етеді. Осының өзі қазақ театрының осы жерден бастау алғандығын көрсететін дәлелдердің бірі.

Әсіресе, «Қоянды жәрмеңкесі» кейін қазақ өнерінің шоқ жұлдыздары атанған Ә.Қашаубаев, Қ.Байжанов, Әбдінің Омары, Иса, Қажымұқан, Балуан шолақ, Иманжүсіп, Абай сияқты атақтыларды халыққа танытты.

        Бұл мерекенің негізгі максаты қазақ тарихында ерекше орын алатын «Қоянды жәрмеңкесін» қайта тірілту болды. Осы көзделген мақсатты жүзеге асыру үшін облысымызға қарасты музейлер және Ж. Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасының ұжымы белсене атсалысты. Музей алаңында «Қоянды жәрмеңкесі» тарихының театрландырылған қойлымы көрсетілді. Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі музейі ұсталық, зергерлік өнердің қыр-сырын көрсетсе, облыстық тарихи-өлкетану музейі қазақ тарихында ерекше орын алатын «Қарқаралы петициясын» қайта тірілткендей болды. ХХ ғасыр басындағы тұңғыш заңгер Ж.Ақбаев, Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханов, ағартушы-ғалым А. Байтұрсынов Алаш жұртымен қайта қауышқандай болды. Мұның өзі жәрмеңкенің сауда-саттық қана емес, қоғамдық саяси рөлінің де аса жоғары болғандығын көрсетеді.

С. Сейфуллин атындағы Жаңаарқа тарихи-өлкетану музейі келген қауымға ұлттық тағамдарымыздан дәм татырса, Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі қазақ қолөнер үлгілерін, Шет археологиялық-этнографиялық музейі қазақ халқының ән-күй өнерін қалың жұртшылыққа таныстырды. А.Құнанбаев әдеби-мемориалдық музейінің қызметкерлері, Ахметше айтпақшы қазақтың «бас ақыны» Абайды, шәкірті Мұқанды, «Аттыдан жаяу жүріп кегін алған» Жаяу Мұсаны пәуескемен әкелгенде жиылған жұрт рухы дүр сілкінді. «Бес Бошанды» билеген Қаз дауысты Қазыбектің ұрпағы Мәдиді жәрмеңкеге алып келген Қарқаралы тарихи-өлкетану музейі ұжымына алғысмыз шексіз.

"Абай сөзі" атты картинаны жандандырды

Жанаарқа АқтоғайДолинка

Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейі қарашекпенділердің қазақ даласына қоныс аударуын көрсетті. Бұл да біздің тарихымыздың тарғақ беттерінің бірі.

  жәрменкеге қатысқан әртістер

Аталған көріністерден кейін қазақтың ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. «Қазақ күресі», қол күрес, кір тасын көтеру секілді спорттық шаралар өтті. Осы іс-шара арқылы музей тек қана ескілікті дүниені сақтайтын орын ғана емес, жас ұрпақты ұлттық рухқа тәрбилейтін, тарихымызды насихаттайтын киелі мекен екендігін көрсетті.

Ел экономикалық-саяси ғана емес, рухани бағытта тәуелсіз болуы керек. Сонда ғана ұлтқа тән мінез, ұлтқа тән жігер болады. Жігерлі болайық АҒАЙЫН.           

 

 

Новый зал "Сакской культуры"
 

Russian (CIS)ҚазақEnglish (United Kingdom)

Друзья сайта

Фотограф в Караганде
Луцук Мария
: фотосессия -
оригинальный подарок
на 23 февраля,
съемка мероприятий.

Жаңылыс жазуды таптыңыз ба?

Текст бөліп шығарыңыз, басыңыз және хабарды бізге жіберіңіз.

Счетчики

Яндекс.Метрика